ТҰРЫП СУ ІШУГЕ БОЛА МА?

Пайғамбарымыздан (оған Алланыңсалауаты мен сәлемі болсын)тұрып су ішуге байланыстыбірнеше хадистер риуаят етілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ihsan.kz-ке сілтеме жасап.

Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланыңсалауаты мен сәлемі болсын):

 

«Сендердің біреуің де суды тұрып ішпесін. Ал ұмытып ішіп қойғандар құсып тастасын», – деп, тұрып су ішуге тыйым салған. Алайда ибн Омардан (Алла одан разы болсын) мынадай хабар жеткен:

 

«Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде біз жүріп жүрген күйімізде бірдене жей беретінбіз және түрегеліп тұрып сусын іше беретінбіз».Сондай-ақ,ибн Аббас (Алла одан разы болсын):

 

«Мен Алла Елшісіне (оған Алланыңсалауаты мен сәлемі болсын)  зәмзәм суын құйып бердім, ол (оны) түрегеліп тұрған күйінде ішті», – деп айтқан. 

 

Бұл хадистерге қатысты Бәдруддин әл-Айни: «Қази Ғияд, Құртуби, Нәуауи сынды ғалымдар тұрып су ішуге тыйым салынған деректер мәкруһ тәнзиһті (халалға жақын мәкруһ), ал қажеттілік уақытында рұқсат екендігін білдіреді. Өйткені Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) суды тұрып ішкендігі туралы риуаяттар бұл әрекеттің болатындығын айқындайды», – дейді. 

 

Бұл пікірді әл-Хаттаби, әл-Бағауи, әл-Мәзури сынды көпшілік ғұламалар құптаған. Ибн Хажар: «Бұл ең жақсы түсініктеме әрі дау-дамайдан алшақ ететін пікір» деген.

 

Тұрып су ішуге тыйым салудың түпкі мәніадамның денсаулығына зиян болуына байланысты. Бұны қазіргі таңда медицина мамандары тұрып су ішу адамның асқазанына зиян болатынын айтуда.

 

 Қорыта айтқанда, қажеттілік жағдайда суды тұрып ішуге шариғи тұрғыдан рұқсат етіледі. Дегенмен отырып ішкен денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпаған жөн. Бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланыңигілігі мен сәлемі болсын)  сүннеті – әрі  жақсы көрген амалдарының бірі.

 

 

 

Әсет Раманкулов

БҚО бойынша пәтуаға жауапты маман

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста