Тик-Ток түсіру харам ба? ҚМБД өкілі жауап берді

Тик-Токтың шыққанына көп болмаса да бүгінде бұл қосымша бүкіл әлемді жаулап үлгерді. Тіпті қолданушылар саны бойынша ютуб, инстаграм, фейсбуктан да асып түсті. Қазіргінің трендіне айналған желіні қолдану харам ба? ҚМДБ өкілі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біздің елде де бұл қосымшаны қолданушылар саны күн сайын артып келеді. Тик-Ток желісінде қолданушы дайын аудиоларды пайдаланып, қысқа видеолар түсіреді. Оны көңіл көтеру мақсатында көбіне жастар қолданады.

 Тик-Токта көбінесе ашық киінген қыздар камера алдында билеп, жігіттер ерсі қылықтарымен елдің есін шығаратыны ақиқат. Жай ғана мазақ қылу, жерге таптау басым. Жастар мұны әзіл ретінде қабылдап отыр. Құранды, атақты адамдарды келеке еткен жағдай да болды. Ненің ақ, ненің қара екенін білмейтін жеткіншектер ішінде олардың әрекетін қайталап, жаман әдетке еліктейтіндері де табылады. Олардың арасында маңызды тақырыпта видео түсіретіндері де жоқ емес.  

Ислам діні заманауи технологияны, өмірге енген жаңалықтарды, соның ішінде интернетті қолдануға рұқсат береді. Бірақ оның шариғат шеңберінде болуын талап етеді. Сондықтан интернет желісі арқылы өзгелермен байланыс жасағанда, мұсылман адам шариғатта рұқсат етілген істерді орындап, тыйым салынған істерден сақтану керектігін ескеруі қажет.

Интернетте отырған адамның ең алдымен ниеті түзу болу керек. Тақуа, жақсылық істеуші және көркем мінезді болуы шарт. Пайдасы жоқ, мәнсіз нәрселерден аулақ болу қажет. Уақытын зая кетірмей, Құдайдың берген өмірін қадірлеуі тиіс, оны барынша дұрыс пайдалану керектігін, оның әрбір сәті үшін ақыретте жауап беретінін ұмытпау керек. Сондай-ақ мұсылманның уақыты, күші, ақылы және зейіні пайдалы нәрселерге ғана жұмсалуы тиіс.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Өзіңе пайдасы тиетін нәрсеге құштар бол және Алладан жәрдем сұра!" &ndash деген (Мүслім).

Сонымен қатар интернет арқылы жалған хабарлар, суреттер және бейнежазбалар таратпау, алдамау талап етіледі. Біреуді кемсітуге, мазақтауға тыйым салынады. Көпшілікті күлдіруге әрекет ету дінімізде құпталмайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Күлкі үшін мүлде болмаған оқиғаларды ойдан шығарып айтатындар неткен бақытсыз, неткен бақытсыз, неткен бақытсыз!" &ndash деп ескерткен (Әбу Дәуіт).

Ар-ұят, намыс мәселесіне аса мән беру қажет. Өйткені оған немқұрайлы қараумен қоғамда түрлі проблемалардың басы ашылатыны анық. Ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайлар, ажырасулар, арсыздық пен арандатушылық әрекеттері соған мысал.

Құран Кәрімде: "Иман еткендер арасында арсыздық атаулының етек алуын көксейтіндерге келсек, оларға бұл жалғанда да, ақыретте де жантөзгісіз ауыр азап бар", &ndash делінген ("Нұр" сүресі, 19-аят).

Сондықтан Тик-Ток желісіне мәнсіз, әдепсіз, ұятсыз бейнероликтерді салу және сол роликтерді тамашалау, сондай-ақ желіде отырып, уақытын зая кетіру &ndash харам. Мұсылман адам ондай іс-әрекеттерден барынша тыйылғаны дұрыс. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста