«ТАХИЯ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«ТАХИЯ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Талайдан бері айтып келе жатырмыз біздің түбімізге «тахияшылар» жетеді деп. «Тахия» дегеніміз не? Сөздік мағынасы – жасыру, бүркеу, тығылу. Терминдік мағынасы – көпшіліктің ығына қарай шынайы бет-бейнесі мен мұрат-мақсатын жасырып, өзіне басқаша шырай, сүйкімді келбет, әдемі реңк беру, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Әсілі, «тахия» діни термин. Ғулат ағымдары қашан мақсатына қол жеткізгенге дейін өзінің шынайы бейнесін жасыруды халал деп санаған. Ал, әһлі сүннет уәл жамағат сенімінде бұл мұнапықтың сипатына жатады.

 

«Тахия» жасаушыны қазақ «көз бояушы», «сырты бүтін, іші түтін», «екіжүзді», «жүзіқара» және т.б. атаулармен атаған. Бір қызығы бұрын «тахия» тек діни термин болса, қазір мемлекеттік саясат пен ұлттық мәселеде де тамыр жая бастады. Базбір ағаларымыз қызыл тілімен халықтың көңілін аулап, бірақ, реті келгенде тасада тұрып талматұсымызға тас атады. Әрине, қара халық сабан астынан су жүгіртетін қитұрқы ойындардың байыбына бара бермейді. Әдемі сөздерге иланады, әртіс ағаларымыздың жасаған трюктеріне кәдімгідей нанады. Кейбір тахияшылар тәкәппарлықтың тағынан түсе алмай, жалған намысқа беріліп, өзін болмаса да болған, толмаса да толған секілді көрсеткісі келеді. Оғанда базбіреулер нанып жатады. Шынтуайтында, әлгінің қауашағы бос, құр қуыс кеуде, яғни, екіжүзді ауру...

 

Тегі, қай мәселеде болмасын, мейлі саясат, мейлі экономика, мейлі ұлттық тақырып болсын, екі беткей (тахия) болмау – жүрекке, ар-ұжданға, иманға байланысты. Себебі, саясат тақырыбы былай тұрсын, қарапайым көше сыпырушығы да жүрек пен ар-ұждан «адами» өлшем болып саналады. Түптеп келгенде көп мәселе (тахияға ұрынбау) – иманға келіп тіреледі. Яғни намысты ұлт болып, мықты мемлекет (мәңгілік ел) құрғымыз келсе, әуелі рухани (иман) байлығымызды арттыруымыз керек. Хақ Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ұлттардың артықшылығы – Аллаға деген жақындықпен өлшенеді» деген. Иә, Алла Тағалам Алаш баласын имансыз болудан сақтасын!

 

 

 

Мұхан ИСАХАН,

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста