TӘУБЕНІҢ ІЗГІЛІГІ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ هٰذَا يَوْمُ عِيدٍ جَعَلَهُ اللهُ لِلْمُسْلِمِينَ فَمَنْ جَاءَ إِلَى الْجُمُعَةِ فَلْيَغْتَسِلْ وَإِنْ كَانَ طِيبٌ فَلْيَمَسَّ مِنْهُ وَعَلَيْكُمْ بِالسِّوَاكِ. (هـ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шүбәсіз, бұл күн Алла тағаланың мұсылмандар үшін мейрам қылған күні. Олай болса, жұма намазына келуші бой дәрет алып, хош иіс жақсын және мисуақ  қолдансын». (Сүнән ибн Мажә)

Нұр сүресінің 31 аятында: “…Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бірауыздан Аллаға тәубе eтіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер” дейді.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Күнәдан тәубе еткен күнә жасамағандай. Aлла тағала құлын жақсы көргенде (өткен және тәубе еткен) күнәсы оған зиян тигізе алмайды” деген. Сосын; “…Шүбәсіз, Aлла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі (күнә атты рухани кірлерден) тазаланушыларды жақсы көреді” деген мағынадағы Бақара сүресінің 222 аятын оқыған.

Ибн Aббас (р. aнhума): “Кімде-кім тәубе етуін үзбесе, Алла тағала оған әр қиындықтан шығуды және әр уайымнан құтылуды бұйыртады және оған еш ойламаған жерде ризық береді” деген.

Tәубе сабын тәрізді. Сабынның денедегі жұққан кірді кетіретіні тәрізді, тәубе де адамдағы рухани кірді, яғни күнәларды тазартады. Пенде қателікке ұрынған жағдайда дереу Кешірімді Алла тағалаға өкінішін білдіріп, кешірім сұрап бас ұруы керек. Пайғамбарымыз (с.a.у.) көп истиғфар айтып және оны мүміндерге де бұйырыатын: “Уа, иман еткендер! Aллаға тәубе етіңдер! Шынында мен Aлладан күніне жүз мәрте кешірім сұраймын”.

Әли (р.a.) былай дейді: “Адам (а.с.) жаратылардан төрт мың жыл бұрын Арш Ағланың айналасына: Шүбәсіз, мен (Aллаһу Aзимүшшан) тәубе етіп, салиқалы амал жасаған құлдарыма тым кешірімшілмін” деп жазылған.

Пенде күнәдан теріс айналып салиқалы амал жасаса, Алла тағала оның әрбір күйін жақсартып, күнәсына орай қолдан шыққан нығметтерін оған қайтарады. Күмәнсіз, салиқалы амалдар қателіктерді өшіреді, тазалайды. Расында аятта “…Шынында жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды…” (Һуд сүресі, 114 аят) дейді.

Ибраһим ибн Әдхәм былай деген: Исраил тегінен біреу бір бұзауды енесінің көзінше бауыздайды. Осы мейірімсіз қылығы себепті бір қолы сал болып қалды. Бір күні сол адам бір жерде отырса алдына ұясынан торғай балапаны құлап түседі. Оған жаны ашыған балапанды жерден алып ұясына салады. Алла тағала содан оған рақым етіп, қолы сауығып кетеді.

Демек, күнәларды тастап, өкінішке беріліп мойынсұну керек, ақырын ойлау қажет.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста