«ТӘУБЕ» СҮРЕСІ НЕЛІКТЕН «БИСМИЛЛАХИ-Р РАХМАНИР-РАХИМ» ДЕП БАСТАЛМАҒАН?

«ТӘУБЕ» СҮРЕСІ НЕЛІКТЕН «БИСМИЛЛАХИ-Р РАХМАНИР-РАХИМ» ДЕП БАСТАЛМАҒАН?

Тәпсір кітаптарында бұған қатысты түрлі мәліметтер келтірілген. Десе де, мұсылман ғалымдары осы сүренің бас жағында бисмилланың жазылмайтындығына және оқылмауы қажеттігіне қатысты бірауыздан келіскен. Бисмилланың жазылмауының басты себебі – Пайғамбарыммыздың (с.ғ.с.) осы сүренің бас жағына «Бисмиллахи-р Рахманир-Рахим» деп жаздырмауы. Ол сөз Пайғамбарымыздың кезінде де, сахабалар, табиғиндер, атбағу табиғиндер кезінде де жазылған емес. Сонымен қатар жазылмауына қатысты бірқатар себептер де алға тартылған. Солардың бірнешеуін ғана келтіре кетейік:

1. «Тәубе» сүресі алдында түскен сүрелерден біраз уақыт өткеннен кейін барып түскен. Түскен кезде мағына және мазмұны тұрғысынан өзінің алдында тұратын «Әнфал» сүресімен өте тығыз байланысты болғандықтан соның жалғасы деген ой тудырған. Мәселен «Әнфал» сүресінің соңғы аяттары мүшіріктер мен мұсылмандар арасында орын алған соғыс және сол секілді жағдайларды баяндап аяқталса, «Тәубе» сүресі: «Мүшіріктермен араларыңда келісім барларға...» деп басталған. Осыған байланысты сахабалардың бірқатары осы екі сүрені бір сүре деп ойлап қалған. Алайда аяттарының көптігі, ол сүренің басқа да көптеген атауларының болуы және Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оны басқа бір сүренің жалғасы деп нақты айтпауы да «Тәубе» сүресінің бөлек сүре екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, расында да «Әнфәл» сүресінің соңғы беттері мен «Тәубе» сүресінің алғашқы беттеріне назар салғанда, бір-бірінің жалғасы секілді көрінеді. Сондықтан да екеуінің арасына «бісмілә» жазылмаған әрі ол оқылмайды.

2. Сүре мүшіріктер мен екіжүзділерге қарсы өте ауыр ескертулер жасап, мүшіріктерге қарсы соғыс жариялаумен басталғандықтан мейірімділік пен қауіпсіздікті білдіретін «Бисмиллахи-р Рахманир-Рахим» сөзі жазылмаған. Осыған орай, Абдулла ибн Аббас әзірет Әліден екі сүренің арасында неге «бісмілә» жазылмағанын сұраған кезде, ол: Өйткені «Бисмиллахи-р Рахманир-Рахим» деген сөзде қауіпсіздік пен сенімділік бар. Алайда бұл сүре қылыш, яғни соғысу бұйрығымен басталғандықтан онда қауіпсіздік пен сенімділік жоқ» деген (Қуртуби. Әл-Жами ли ахкам әл-Қуран. Буруж баспасы 8/117-119). Соғыс жағдайында қауіпсіздік пен мейірім болмайтындықтан бұл сүренің бас жағында «бісмілә» оқуға тыйым салынған.

3. Жахилия кезеңінде арабтар егер қандайда бір өзге халықтармен араларында келісім-шарт бола тұра, осы шартты бұзғылары келсе, оларға хат жазғанда «бісміла» жазбауды әдетке айналдырған. «Тәубе» сүресі Пайғамбарымыз ((Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын ) бен мүшріктер арасындағы келісім-шартты бұзуға қатысты түскен кезде Алла елшісі әзірет Әлиге осы сүрені жазып беріп жіберген. Әлі (Алла оған разы болсын) қажылық кезеңінде арабтарға барып оны оқып берген. Арабтардың келісім-шартты бұзған кезде «бісміләны» оқымайтын әдеттеріне сай ол да «бісміләні» оқымаған (Қуртуби. Әл-Жами ли ахкам әл-Қуран. Буруж баспасы 8/117-119).

Сондықтан да «Әнфәл» сүресінен соң «Тәубе» сүресін жалғастырып оқыған кезде «Бисмиллахи-р Рахманир-Рахим» деп оқымаймыз. «Тәубе» сүресін жеке оқуды бастарда да «Бисмиллахи-р Рахманир-Рахим» деп айтпай тек «әузу биллахи мин әш-шайтанир-ражим» деп барып бастаймыз.


Алау ӘДІЛБАЕВ, теология ғылымының докторы
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста