Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.а.у) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі - «бекітілген сүннет». Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.
Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[40], - деген.
[8] Шариғатта ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпейтін қарт кісілер (ұстамаған оразасын қаза ете алмаса) рамазанның әр бір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Бұны «фидия» дейді. Фидияны ақшалайда беруге болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Фидия беруге шамасы келмесе Алладан кешірім тілейді.
muftyat.kz