Тағдыр жазылып қойған ба?

Тағдыр жазылып қойған ба?

Әли (р.а.): «Бірде Бақиғ әл-Ғарқадта (Мәдинадағы қорым) жаназада болғанымызда Алла елшісі (с.а.у.) қасымызға келіп отырды. Біз оны қоршай жайғастық. Қолында кішкене таяғы бар еді. Басын төмен салып, таяғымен жерді тықылдатып отырды. Содан соң:

- Сендердің қайсысың болсын, қайсыбір тірі жан болсын, Алла оның жәннаттағы және тозақтағы орнын жазып қойған, сондай-ақ, оның бақытсыз не бақытты болатындығы жазылған, – деді. Сонда бір кісі:

- Уа, Алланың елшісі! Онда өзімізді жазмышымызға тапсырып, амалды қоя салмаймыз ба? Кім бақыттылардан болса, бәрібір бақыттылардың іс-амалына барады, ал кім бақытсыздардан болса, бәрібір бақытсыздардың іс-амалына барады, – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Амал істеңдер. Әрбір адамға іс-амалы оңайлатылады, ал бақытсыздарға бақытсыздардың іс-амалы оңайлатылады, – деді де сосын: «Сондықтан да, кімде-кім (Алла берген мал-дүниеден Оның жолында және мұқтаж жандар үшін) жұмсап, Аллаға шын көңілден тағзым етіп, Оған қарсы келуден сақтанса, сондай-ақ (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанды шын жүрегімен растаса, Біз де ол үшін мәңгілік бақытқа (пейішке) жеткізетін жолды (және ақиреттегі есебін) жеңілдетеміз. Ал (Алланың бергенін қызғанып) сараңдық қылатын және өзіне толық сеніп, Аллаға еш мұқтаж еместей әрекет ететін, әрі (сенім, амал және сол үшін берілетін қарымта мәселесінде) ең абзал болғанды жалғанға шығаратынға келсек, ол үшін (мәңгі құрдымға батыратын) жолды жеңілдетіп қоямыз (сөйтіп, ол сол жаман жолға оп-оңай түсіп кетеді)» («Ләйл» сүресі, 5-10-аяттар) деген аяттарды оқыды», -деген (Сахих Муслим).

Бұл аяттар мен хадис әрбір адамның тағдыры жазылып қойғанын, алайда тағдырым осылай екен деп әрекетсіз отыруға болмайтынын немесе бәрібір ештеңе өзгерте алмаймын, күнә жасау, теріс жолда жүру менің тағдырыма жазылған, бақытсыздығым да тағдырдан деп күнәлі істер жасап, өзіңді өзің тозаққа итермелемеу керектігін айтады. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста