Солақай адамға оң қолмен тамақ жеу міндет ме?

Солақай адамға оң қолмен тамақ жеу міндет ме?

Мамандардың айтуынша, әлемде шамамен адамның 10% солақай екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Солақайлық медицинада бір анатомиялық ауытқу болып саналмайды.

 

Әдетте солақайлар туылғанынан бастап оң қолына қарағанда сол қолымен белсендік танытып дағдыланған немесе бала кезінде оң қолындағы жарақат, т.б. себептерге байланысты сол қолымен әрекет етіп әдеттенген болып келеді.

 

Исламда оң қолмен ішіп-жеу – сүннет.

 

Ибн Омардан (оған Алла разы болсын) келген хадисте пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Кімде-кім тамақ жесе, оны оң қолымен жесін. Су ішсе, оң қолымен ішсін. Өйткені шайтан сол қолымен жейді және сол қолымен ішеді», – деген (Мүслим).

 

Келесі бір хадисінде Омар ибн Әбу Сәләмаға (оған Алла разы болсын):

 

«Балақай, тамақ жегенде Алланың атымен баста, оң қолыңмен және алдыңнан же», – деп айтқан.

 

Ислам ешкімге шамасынан тыс нәрсе жүктемейді. Оң қолмен жеу – сүннет. Егер оң қолда жарақат, мүгедектік сияқты үзірлі жағдайлар болса, онда ол сол қолымен жей береді.

 

Ал енді үзірі жоқ бірақ:

 

«Мен сол қолмен жеп дағдыланған едім» деушілер болса, онда сауап алу үшін аздап еңбек еткен жөн. Себебі Құдай Тағала әркімге еңбек етіп төккен маңдай теріне сәйкес сауап береді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста