Смайл Сейтбеков: Жат ағымның тұзағына түспеу үшін…

Смайл Сейтбеков: Жат ағымның тұзағына түспеу үшін…

- Смайл Сүйерқұлұлы, сіз 2000 жылдардың басында «Ислам тарихы» оқулығын жаздыңыз. Жалпы, жат ағымның пайда болуы жайлы тарихи деректер не дейді? Дәлірек айтқанда, пайда болуына әсер еткен факторлар жайлы айта кетсеңіз?

—Иә, 2002 жылы «Ислам тарихы» (Умеяттар және Аббаситтер кезеңі) атты еңбек жазған болатынмын. Еңбекті жазғаныммен артынан қатты ойландым. Таралымын да аз етіп шығардым. Себебі, ислам тарихындағы жетістіктеріміз өте көп. Алайда, билік төңірегіндегі таластар, жанжалдар мен ішкі соғыстар жүректі ауыртады. Енді ғана дінге бет бұрып, дініміздің құндылықтарына қол жеткізген тұста аталмыш тарихи оқиғаларды дұрыс түсіне алмаған жастардың санасында жағымсыз мәлімет орын алмасын деп ол кітапты қайта бастырмадым. Тек исламтану мамандарына арналған қосымша әдебиет ретінде қалғанын жөн санадым. Алла бұйырса алдағы уақытта қайта өңдеп шығарамын. Өйткені ол дініміздің тарихы, тарихты білуіміз қажет.

Ислам тарихын зерделеп қараған кезде түрлі себептермен пайда болған ағымдарды көреміз. Ағымдардың шығу себептері де әртүрлі. Харижит пен шииттер саяси оқиғалар нәтижесінде пайда болса, муғтазилә, қадария, жәбәрия, мәшаббиһә сынды ағымдар аят пен хадистерді тікелей қабылдаудан туындады.

Жалпы ағымдардың пайда болуына себеп болған біреше факторлар бар. Біріншіден, аят пен хадисті әрқалай түсінуі. Екінші, муташабиһ аяттарды бұрмалануы, үшіншіден, әлеуметтік жағдай, төртіншіден, үлкен күнә істеген жанның мәселесі, бесіншіден, орын алған саяси оқиғалар және тағы басқа да себептердің әсерінен ағымдар мен топтар пайда болды. Сонымен қатар, сол ағымдар өзара пікір қайшылығына түсіп, іштей тағы да тармақтарға бөлінуі ағымдардың санын одан да бетер арттыра түседі. Мәселе ұғынықты болу үшін қазіргі сәләфилік ағымды алайық. Әуелде бір ағым болған сәләфилер қазір мадхалит, сурурит, такфир болып өзара бөлініп, бірін-бірі адасқанға, кәпірге санап жүрген жоқ па? Дәл солай пайда болған ағымдар да өзара тармақтарға бөлініп кетті.

-Сонау халифалар дәуірінде бой көрсеткен Исламды бұрмалаушы топтар мен бүгінгі деструктивті ағымдардың арасында қандай байланыс бар. Ол екеуінің ұқсастықтары неде?

—Жалпы тарих қайталанудан тұрады. Сондықтан, халифалар тұсында пайда болған ағымдар мен қазіргі деструктивті ағымдардың ұстанымдары өте ұқсас. Тек атаулары басқа демесеңіз, сенімдері бірдей. Мәселен, сәләфилік, уаһһабилік ағым харижит ағымының жаңа көрінісі десек те болады. Тіпті, бұларды «неохарижизм» (жаңа харижиттер) деп те атаған. Құраншы деген ағымның ұстанымы муғтазилит ағымының ұстанымына өте жақын. Екеуі де сүннетті нақты дәлел ретінде қабыл етпейді.

-Сіз Батыс Қазақстан облысында да бірнеше жыл өкілдік қызмет атқардыңыз. Орал өңірінде өкіл ретінде жат ағымға қарсы қандай шаралар жүргіздіңіз.

—Батыс Қазақстан облысында өкіл имам болған кезімде сәләфилермен күресу үшін ең алдымен жастардың, тұрғындардың діни сауатын арттыруды мақсат еттім. Жалпы олардың қандай ағым екенін ел білуі тиіс. Сонда ғана жастар да, өзгелер де олардан бойын аулақ ұстайды. Сәләфи ағымының ұстанушылары көбіне ауылдан қалаға келген жастар арасында кеңірек таралды. Сондықтан облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, аудан орталығында, ауылдарда көптеген кездесулер өткіздік. Сәләфилік ағымның қаншалықты елімізге қауіпті екенін, ұстанымын, ерекшелігін, мақсаты қандай екенін түсіндірдік. Нәтижесінде жастар мен ауыл тұрғындары жат ағымның қандай қаупі барын түсініп, мәселенің ара-жігін ажыратуға көшті. Соның әсерінен бірнеше сәләфи жігіт мешітке келіп, өкпелерін айтып, ауылға бара алмай қалдық, ел бізді уаһһаби деп айыптайтын болды, бұдан кейін олай істемеңіз дегендей уәж айтқан болатын.

Екінші қолға алған мәселе – жергілікті имам молдалардың білімін арттыру болды. Діни білімі таяз имам жат ағыммен қалай күреспек? Осы бағытта бірнеше рет айлық, апталық курстар ұйымдастырылды.

Үшіншіден, жергілікті маман даярлайтын медресе салуды қолға алдық. Жергілікті кәсіпкерлерді ұйымдастыра отырып, сол кездегі облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қолдауымен 2008 жылы «Орал медресесін» аштық. Қазір сол медреседен шыққан шәкірттер ауыл аймақта дін қызметін атқарып келеді. Білімді дін маманы болған кезде жат ағыммен күрес күшейе түседі. Жамағаттың сенетін имамы болғандықтан жат ағымның еркінсінуіне жол бермейді.

-2010 жылдары шамасында көп таралыммен «Иман негіздері» атты кітабыңыз жарық көрді. Бұл кітап еліміздің барлық мешіттеріне таратылды. Мешітке барып жүрген немесе дінге қызығушылық танытатын азаматтар ішінде аталмыш кітапты көрмеген, оқымаған адам кемде-кем болуы керек. Бұл еңбегіңізге қарсы пікір айтып, өз ұстанымын дәлелдеуге тырысқан «сәләфилер» болды ма?

—«Иман негіздері» атты еңбегімді алғаш 2008 жылы басып шығардым. Артынан «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» мол таралыммен 2010 жылы шығарып, тегін таратты. Аталмыш еңбекті қаламға алудағы мақсатымыз жат ағымның сеніміне тосқауыл болу еді. Аллаға шүкір, жастардың діни сауатын толықтыруға аз да болса үлесі тиді деген ойдамын. Кітапқа қатысты сәләфилер тікелей өзіме келіп, мұндағы мәлімет дұрыс емес, қате деген уәж айтпады.

-Жат ағыммен жұмыс жүргіземіз деп асыл дінімізге қызығушылық танытқан намаз үйренсек, Құран оқысақ деген жамағатымыз қараусыз қалып қойған жоқ па? Айтпағым, жалпы жамағатқа Құран құндылығы мен хадис хикметтерін үйрету бойынша қандай шаралар жүргізіліп жатыр?

—Жат ағыммен жұмыс жүргізумен қатар мешітке келуші жастарға да, сауат ашу курстарын ұйымдастырып келеміз. Білімді ұстаздар дінге қызығушылық білдірген жастарға мешіттерде кестеге сай дәріс беріп жатыр. Діни сауатын ашуға ниет етушілер де аз емес. Дегенмен, барлығына уақыт тауып мешіттерде күнделікті дәрістер мен уағыздар жүргізіліп келеді. Жат ағыммен күресеміз деп жамағатты назардан тыс қалдыруға болмайды. Керісінше, жамағат санын көбейту арқылы жат ағымның тынысын тарылту керек. Жамағат сауаттанған сайын жат ағым жетегінде жүрген досын, ауылдасын, танысын өзі-ақ бетін бері қаратады. Ондай жағдайлар да аз емес. Жамағаттың ауызбіршілігін нығайту мақсатында үнемі дастархан жайылып, уағыз айтып, спорттық шаралар ұйымдастырып жүрміз. Аллаға шүкір, жамағатымыз жыл санап артып келеді.

-Жат ағым ықпалына түсетін жастардың ортақ белгілер қандай? Қандай категориядағы жастар секта тұзағына түседі?

—Жат ағым ықпалына түсетін жастар көбіне діни білімді интернет арқылы алады. Дінге қызығушылық танытқан адам көбіне мешіт имамынан сұрауға ыңғайсызданып, таныстарынан немесе интернеттен мәлімет алуға тырысады. Сәләфилік идеологияны насихаттайтын түрлі сайттар бар екені белгілі. Ғаламтордағы өрмекшінің торындай болған теріс идеологияны оқыған діни сауаты жоқ немесе таяз жан қалай адасып кеткенін біле алмай қалады. Жалпы жат ағым жетегіне түскен адам бірден өзгере бастайды. Мәселен, сырт келбетін өзгертуден бастап, әрбір сөзінде діни терминдерді қолданып, қандай да бір мәселеге «ширк», «бидғат», «куфр» деген ұғым шеңберінде үкім беруге, бағалауға, таразылауға көшеді.

Жастар мәселенің байыбына бармай көбіне араласатын ортасына, сыныптасына, танысына, спорттағы жетістігіне еліктеп ағымға кіріп кетіп жатады. Орыс тілді жастар арасында интернеттегі діни мәліметке жүгініп, жат ағым құрығына түсіп жатқандар да аз емес. Әрине, жат ағым бір індет болды. Ел болып күресімізді тоқтатпасақ, иншалла бұл індетті жоямыз.

-Ата-аналар баласын сектадан сақтауы үшін не істеуі керек?

—Ата-ана бауыр еті баласына ешқашан жамандық тілемейді. Перзентінің жақсы болғанын қалайды. Жат ағымның зардабын білген ата-ана баласына әуелі дұрыс тәрбие беруі тиіс. Екіншіден, баласының дінге қызығушылығын байқаған сәтте жақын жердегі мешіт имамына барып, баласына дұрыс мәлімет беруін сұрануы қажет. Үшіншіден, өзі де діни сауатын ашуға тырысқаны жөн. Мен ештеңе білмеймін деместен, дін мен дәстүрді ұштастырып, тиісті мәліметті айтып отырса нұр үстіне нұр болмақ. Баласының сұрақтары болса, жауабын біліп, өз кезегінде жауап бере алса, көшедегі адамнан сұрамайды.

Қорыта келгенде қазақи дәстүрімізге сай дастархан басында салихалы әңгіме барысында имандылығымызды тілге тиек етіп, баламыздың санасына сіңіре білу ата-аналық міндетіміз екені ұмытпайық.

-Смайл ұстаз! Сұхбатыңызға көп рахмет, Алла разы болсын!

Сұхбаттасқан – Руслан ҚАМБАР

kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста