Силәтур-рахм деген не?

Силәтур-рахм деген не?

Силәтун: Қауышу, ұласу һәм жету дегенді білдіреді. Сол мағыналарды білдіретін «усул» түбірінен шығады. Ал рахм болса рахметтен тарайды. Рахмет «мейірім таныту», «жаны ашу» мағыналарына саяды. Осы екеуін жалпы «Силә и рахм» деп атап кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Мінекей силә и рахм: Туған-туыстарды қыдыру және жолығу һәм хат жазысу, байланысты үзбеу әрі қате-кемшіліктерін кешіру дегенді білдіреді.

 

Демек ағайын-туыспен барысып-келісу, алысу-берісу, заманауи құралдардың барлығын пайдаланып байланысты арттыру, көмек қолын созу, көңілін сұрау, қуанышта құттықтау, қайғысына ортақтасу болып табылады.

 

Силәтур-рахм туыс-туғанды қамтығанымен қоса, көрші-қолаң, жора-жолдас, әріптес һәм мұсылман бауырларға да тиесілі бір борыш екенін ескерген жөн. Данышпан елші бір хадисінде: «Туыстық бауы, Рахманнан бір бау болып табылады. Кімде-кім  осы бауды үзбей әрі туыс-туғанына қауышса, Аллаһқа қауышқан болып саналады. Ал кімде-кім осы бауды үзетіғұн болса, одан Аллаһ мейірімін үзеді» деген. (Термези, Бирр, 16, 1925).

 

Әли рһ ден жеткен бір риуаятта Құттты елші: «Сенімен байланысын үзгенге жақсы қарым-қатынасыңды жалғастыр. Саған жамандық еткенге жақсылық жаса. Һәм өз зарарыңа болсада ақиқатты айт» деген (Жамиғус-сағир. 2485, 4:196, Хадис №5004).

 

Амр ибн Саһл рһ жеткізуі бойынша Дана елші: «Туыстық қатынасты жақсы сақтаУ; мал-жаны көбейтіп, ағайынның берекесіне себепкер болып һәм ғұмырды ұзартады» деген (Жамиғус-сағир. 2484, 4:196, Хадис №5003).

 

Айша анамыз Дара елшінің «Ағайын туыспен жақсы қарым-қатынас, көркем мінез һәм жақсы көршілік, елді алға сүйрейді әрі өмірді ұзартады» дегенін жеткізген (Жамиғус-сағир. 2483, 4:196, Хадис №5001).

 

Осы мәселе бойынша хадистер өте көп. Құдай жеткізсе тағы да берермін.

 

Ұлық Раббымыз соған жеткізсін!

 

 

 

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

 «Мұса-мырза»мешітінің ұстазы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста