Шешесі Сиыр мен әкесі Бұқаның ортасында неке бар ма, жоқ шығар?

Намаз оқып жүрген бір жас бала маған қоңырау шалды. «Түйе үстінен сирақ үйткендей» қылып, ет жеуге бола ма деп дүрс еткізді.
- Көке-ау, аптықпа, ненің етін айтып отырсың?
- Бисмилләсіз сойған адамның етін.
- Адамның… Мынауың қорқынышты сұрақ екен. Союшысы «бисмиллә» айтпаған малдың еті болар?
- Иә.
- Бәсе… Айта бер, кім тағы не деді?
- Үйге ахилар келіп еді, шешем сықитып ет асып қойған. Шешем менің дін жолына түскеніме өте қуанышты еді. Ахилар етке қолын да салмады. Алыңдар, сіздерге арнап пісірілген ет дедім. Олар бір-біріне қарап мысқыл күлкімен мырс-мырс күлісті. Түсінбей қалдым, өзім ыңғайсыздандым. Доңыздың еті емес кәдімгі ірі қараның жаңа сойылған еті. Исін бұрқыратып былқытып пісірген. Баламның достары келеді деп, қымбатына қарамай шешем бар ақшасына сатып алып келіп еді.
- Ахи, адам бірінші жейтін асына мән беру керек, - деді біреуі.
- Не боп қалды, өмір бойы жеп келе жатқан ет-нандарымыз емес пе, әлде мұсылмандарға мұны жеуге болмай ма, - дедім.
- Ахи, мамаң мына етті қайдан алған?
- «Беркад» базарындағы ет дүкенінен.
- Вот, вишты, күмән. Базарға келген мал қалай сойылатынын көрдің бе?
- Жалпы естігенмін.
- Мамаң именні кімнен алған?
- 4-ші ауылдағы Жұпар апайдан.
- Ал ол етті кімнен алған?
- «Жетеш» мал базарындағы мал сатушылардан.
- Кімдерден?
- Ақтөбеліктерден.
- Именні Ақтөбенің қай ауыл, қай жерінен?
- «Жарқамыс» ауылының малдары деп естідім.
- Ол ауылдың адамдары мұсылман ба, намаз оқи ма, мал құбылаға қаратылып бисмилләмен сойылды ма? Сойған адам кім, ақидасы қандай, кімді тыңдайды, шейхтың алдын көргендер бар ма ол ауылда?
- Странный вопрос, біздің қазақ мал соймақ түгілі арақ ішсе де бисмилләсін тастамайды ғой. Ол жақта тұратындардың бәрі мұсылман емес пе?
- Қателеспе, намаз оқымағанның бәрі кәпір.
- Не айтып кеттіңдер, бауырлар!
Ашуым шығып кетті. Намаз оқымаса да шын жүрегімен аңқылдап, бар дәмдісін дайындап, бұлардың таңдаған жолдары дұрыс деп, жас балаша құрақ ұшып жүгіріп жүрген, өзін мұсылман санайтын менің анам сонда кәпір ме? Сосын мен бұларға былай дедім:
- Ахи сұрақтарың бітті ме, дін емес тергеушілік оқу бітірген сияқтысыңдар. Бір-екі сұрақтарың кем болды. Оны мен сендерге қойып көрейін.
- Бәлкім мына тайынша (етті көрсетіп) мұсылман ба, жоқ па? Зинадан пайда болуы мүмкін ғой. Неге десең шешесі Сиыр мен әкесі Бұқаның ортасында неке бар ма, жоқ шығар. Барлық ішіп-жемді біз осы базардан сатып алып отырған жоқпыз ба, басқа тағамдарда харам ба сонда?
- Жоқ, біз тек етті айтып отырмыз, Құранда ет мәселесі айтылған.
- Құранды жатқа білетінбе едіңдер, әр аяттың нақ аудармасын, не үшін түскені сияқты мақсаттарын жақсы білесіңдер ме?
- Иншааллаһ.
«Олай болса харам жолмен табылған ақшаға сатып алынған қандай да бір халал нәрсенің өзі харамға жатады» деп едім, ахилар «әғузу биллә» деп тұрып жүре берді. Адам сыйлап көрмеген адамдар дастарқан әдебін қайдан түсінсін.
- Бауырым, сені қатты ренжіткен екен. Бірақ сенде қатырған екенсің. Олардікі дұрыс емес әрине. Олар Құрандағы 5-ші әл-Майда сүресінің 3-ші аятына сүйеніп отыр, бірақ соңғы аятын дұрыс түсінбеген ғой. Ал 5-ші аятында Алла тағалам бізге: «Бүгін сендерге игілікті ас рұқсат етілді. Кітап иелерінің асы сендерге рұқсат етілді және сендердің астарың оларға рұқсат етілді» – деді. Осы аят бізге дәлел. Бұған тек хауариждер қосылмайды. Оларға мұндай күмәндарды хауариждердің атасы болып табылатын Зу Хууайсар салып кеткен. Бисмилләні ол айтпаса сен айтып, христиан, яхудидің де сойған мал еттерін жей беруіңе болады. Оған дәлелді хадис бар. Және де Алламыз «әл-Бақара» сүресінің 172-ші аятында: «Иә, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер» – деді. Ет деген – бойында құнары көп жақсы тағам. Қазақта – ұлттық тағам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) яхудидің үйінде түсін өзгерткен жануардың тоң майын жеген. Сахабалар отқа табынушылардың ірімшігін жеген. Сүннет бойынша үй иесіне қалай бауыздалды, бисмиллә айтылған ба деген сияқты сұрақтар қоюға біздің хақымыз жоқ. Білімсіз ондай ахиларды шариғатта тереңге кеткендер деп атайды. Тереңге кеткендер тұңғиыққа батып жоғалмай тынбайды.
Байғұс шешем: «Бұлар қайда кетіп бара жатыр, құлыншақтарым, тамақтарыңды ішіп алсаңдаршы» деп бәйек болып жатыр. Қайран, анашым-ай! Достары ауруханаға түсіп қалған екен, аяқ астынан соған кетіп бара жатыр деп мен бауырларымның артын жаптым. Аға, сонда олар өмір бақи ет жемей ме?
- Олар ет жемейді, олар тек мұсылман бауырларының еттерін тірідей жейді.
- Түсінбедім… Қалай?
- Олар енді сені сыртыңнан ғайбаттайды. Сені шариғатқа қарсы келді, бидағатшы деп атайды. Ал өздерінің ғайбатшы екендерінен мүлдем бейхабар. Қазір бауырларымыздың көбі сондай болып кеткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманды күпірлікте айыптаған, оны өлтіргенмен тең!» деген. Күні кеше советтік заңмен тәрбиеленген ата-аналарына манхаджды түсінбейді деп ренжиді бұлар. Қазақ: «Құдайдан қорықпағаннан қорық!» деген. Бұл мақалдың мәні мынада. Кәдімгі қарапайым білімсіз адамның Құдайдан қорқынышы көп болады. Намаз бастаса сақтықпен, ықыласпен құлшынады. Оларға тек көркем түрде имани-насихат жүргізе білу керек. Әдемілеп жеткізу керек, діннің негізін түсіндіру керек. Ал Құдайды біледі деген кейбір намазхандар Құран сүрелерін күнде оқып, аудармасын анық біліп тұрса да, Құдайдан қорықпай аятқа қарсы амалдар қолданып ғайбат айтады. Ғайбаты үшін қияметте қалай азапталатынын білсе де тоқтамайды. Себебі Құдайдан қорықпайды. Ғайбат айтуда тоқтамағандары – қорықпағандарына дәлел. Мақал осындайларға арналған.
- А, бәсе, олардың адам жамандағандарын көп байқадым. Ғайбат айтып кеткен жоқсыңдар ма деп едім, жоқ, насихат деді.
- Насихат пен ғайбатты айыра алмайтын адамның ұстанғаны белгілі емес пе? Істерінің бәрі насихат болса, Қазақстанға түгел дін тарап, ислам мемлекеті болатын уақытымыз әлдеқашан өтіп кеткен. Керісінше қиямет жақындағанда Құран көтеріліп кетіп, дін жоғалады деген емес пе?
- Неге?
- Ұстаз жоқ, ұстаздық қылғандар шәкірттерге басқа ұстаздарды ғайбаттап құны кетті, бөлек-бөлек жамағат пайда болып, бөліну кең етек алды. Жүрекке кіргендей үкім айтушылар көбейді. Молдалар аяттарды ақшаға айырбастады, әр шаңырақ ауызбірліктен айырылып үй ішінен үй тігілді, тамақ бөлек ішіліп дастарқаннан берекет кетті, үлкендер сыйланбады, кішілер тілазар болды. Ата-ана баласына қарғыс айтып жатыр. Айта берсе көп. Бұның арты жақсы емес. Бір ғалымға сұрақ қойылды: «Мен дәретханаға бара жатырмын. Дәретханадан шығып келе жатырған бір танысым кездесе кетті. Амандасып қолын ұсынды. (Ол қолдарымен не ұстағаны кім-кімге де аян ғой). Не істеймін, қолымды бермеуім керек пе? Ғалым: «Ұсынған қолды кері қайтармауың керек. Неге десең қолың жуылады. Ал оны ренжітсең, оның жүрегіндегіні қалай, немен жуып кетіресің» – депті.
- Әйтеуір менен ештеңе қисық кетпеді ме?
- Жоқ, сен қайта дұрыс жасадың. Егер анаңның мұсылмандарға көңілі қалса қалай болар еді, дым білдіртпегенің нағыз мәрттік болды бауырым!
- Рахмет аға, кішкене жеңілдеп жақсарып қалдым.
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мұсылман бауырына келсе, және ол оның алдына тамақ қойса, оның қойған тамағын жесін және ол (яғни берген тамағы) туралы сұраушы болмасын, және сусын берсе – сұрамастан ішсін» деген. Ал біздің қазақ сыпайы ғана мәдени тілмен: «Ас иесімен тәтті, үй иесі бірінші алсын» деп, күмәнді сейілтіп тастап, асқа кіріскен.

islam-online.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста