Шариғат бойынша төсек қатынасындағы міндет пен парыздар қандай?

Шариғат бойынша ерлі-зайыптылардың төсек қатынасындағы міндет пен парыздары қандай? Имамнан сұралған ақиқат.

- Төсек қатынасының нәтижелі болуы үшін қандай алғы шарттар бар?

- Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы шырын да ләззатты болу үшін сезім мүшелерінің барлығы іске қосылу керек. Бұл нәрсе еркек пен әйелдің бір-бірінің көзі үшін сәнденулері, мұрындары үшін хош иістенулері, құлақтары үшін жағымды сөздер айтулары арқылы көрініс табады.

- Әйел күйеуінің көңілін аулау үшін әдепті әйелге жараспайтын жұқа, қысқа киімдер киіп, түрлі сөздер айтып қылықтар көрсетсе бола ма? 

- Әлбетте. Ерлі-зайыптылардың арасында мұндай нәрселердің бәріне жол беріледі. Мұсылман әйел түзде әдепті, үйде қылықты болу керек. Еркектің көңілін жай таптырар орны – шаңырағы. Сол шаңырақтың шаттығы үшін әйел осындай іс-әрекеттерге барса, бұл мақтауға тұрарлық нәрсе және ол сауапсыз да қалмайды. Өйткені, Аллаһ Тағаланың Өзі жәннәттың әйелдерін «күйеулеріне сүйікті (ерлерінің аңсарын аудырып, құштарлығын шақырып тұрушы)» деп сипаттаған. (Сноска: «Уақиға» сүресі, 36-37 аяттар)

- Кейбір әйелдер күйеуінің алдында түгелдей шешінуді арсыздық деп түсінеді. Бұған не айтуға болады?

- Бұл ибалылық емес, ұяңдық болып есептеледі. Шариғат ерлі-зайыптыларға бір-бірінің денесінің кез-келген бөлігіне қарауға рұқсат береді. Сондай-ақ, еркек пен әйелдің төсекте киімсіз, жалаңаш болулары жыныстық қатынасты нәтижелі ететін алғы шарттардың бірі. Егер ерлі-зайыптылар түгел шешінбей жеңіл киімде болғанды жөн санаса, бұл олардың өз еріктеріндегі нәрсе.

- Шариғат төсек қатынасында аймалаудың қандай түрлеріне рұқсат береді?

- Шариғат тиым салынған нәрсені – харам деп көрсетеді, ол тиым салмаған нәрселердің барлығы рұқсат етілген болып табылады. Төсек қатынасын көріктендіре түсетін іс-әрекеттер, ол: ерлі-зайыптылардың сүйісуі, еркектің әйелінің кеудесіне қол жүгіртуі, төсін аймалап сүюі, төс үрпін тілімен қытықтауы, сүюі, бір-бірінің жыныс мүшесін қолмен сипалаулары, әсіресе, әйел қынабының ішкі қабатындағы жоғарырақ орналасқан әтештің айдарына ұқсас шүртекейін қытықтау, бір-біріне сезім оятатын сөздер айтулары т.с.с.

- Төсек қатынасының қандай әдептері бар?

- Ғұламаларымыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Төменде солардың маңыздыларын ғана келтіруді жөн көрдік.

1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту. Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды».

2. Әйелді төсек қатынасына дайындау. Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек.

3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы. Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімдік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн. Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын». (Сноска: Хадисті Әбу Яғла, Анас ибн Мәликтен риуаят еткен)

4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы. Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.

5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы.

- Кейбір еркектер немесе әйелдер төсек қатынастарында болған жайттарды өзгелерге әңгімелеп жатады. Бұл әдепке қайшы келе ме?

- Әрине, бұл дінге де, әдепке де, ар-ұятқа да мақұл келмейді. Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы барысында араларында болған құпия жайттарды себепсіз әлдебіреуге әңгімелеуі яки жұртқа жаюы шариғат бойынша харам болып табылады. Әбу Саъид (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді:

«Қиямет күні Аллаһтың алдында дәрежесі ең төмен болатын адам – әйелмен жыныстық қатынасқа түсіп, сосын оның сырын жаятын еркек». (Сноска: Хадисті риуаят еткен Мүслім, Ахмад және басқалар)

Сондай-ақ, имам Ахмад және Әбу Дауд риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұндай бір-бірінің төсектегі қылықтарын жаятын ерлі-зайыптыларды шайтанға теңеген. Алайда бір сұрақ туындағанда яки дәрігердің кеңесін алу қажет болғанда әңгімелеуге мәжбүр болса, онда бұл жағдай себепті болып табылады.

- Төсек қатынасына барысында еркек бойынан тез кетіп қалып, әйел қанағаттанбай қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бұған қарсы қандай тәсіл қолданса болады?

- Еркектің шақуатының өте тез бөлініп кетуі кейде жыныстық аурулардың себебінен болуы мүмкін. Ондай жағдайда дәрігерге көрінген дұрыс. Бірақ, негізінде шақуаттың бойдан жылдам кетуі жалпы еркектерге тән құбылыс. Және бұл төсек қатынасының ең өзекті мәселесі. Өйткені, кез-келген ерлі-зайыптының сол бір ләззатты сәттерін ұзарта түскілері келетіні хақ. Әсіресе, еркектің тез бойдан кетіп қалуы себепті әйел тоят таппай қалған жағдайда өзара салқындық, түсінбеушілік пайда болуы мүмкін.

Әйтсе де, төсек қатынасы тәжірибесінде еркектің бойдан кету жылдамдығын тежеп, махаббат ләззатын соза түсу үшін қолданылатын бірнеше табиғи тәсілдер бар. Олар: төсек алды аймаласу кезінде еркектің жыныс мүшесінің көп ысқылануынан сақтануы, оның жыныстық қатынас барысында ойын басқа жаққа бұруы, жыныс мүшесінің әрекетін азайтуы және баяулатуы, керек болса, аракідік қатынасты үзіп тоқтата тұруы, әйелін әңгімеге тартуы, жыныс мүшесінің астын ысқылап істеуден қашқақтауы, сондай-ақ төсек қатынасы барысында жиі-жиі қалыпты ауыстыру да ләззатты сәтті соза түсуге мүмкіндік беретін нәтижелі тәсілдердің бірі.

comode.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста