Шаңырақ шайқалмауы үшін не істеу керек?

Алла тағала ғаламдағы барлық жаратылысты жұп-жұбымен жаратқан. Сол секілді адам атаулының атасы болған хазреті Адам атаныда жаратқан соң сыңары Хауа анамызды қоса жаратып, оған жұбай етті. Бұл ақиқат Құран Кәрімде: «Шындығында біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық» (Хужрат 13) десе, келесі аятта «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңда сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы оның белгілерінен. Сөз жоқ осыларда ойланған қауым ұшін ашық белгілер бар» (Рум-21) деп баяндалады. Осы Иләһи заңдылыққа сәйкес әр пенде өзінің бұл өмірдегі сыңарын түрлі жағдайлармен себептер арқылы кездестіріп, көңілдері жарасып өз ара тіл табысып жатса отбасын құрып, шаңырақ көтеріп жатады. Ер мен әйелдің осылайша тіл табыса отырып өз алдарына жанұя құруы сонау адам атамызбен Хауа анамыздан жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл мәселеге шариғатымыз да өте қатты мән берген. Пайғамбарымыз (с.ғ.у): «Үйлену менің сүнетім. Кімдекім менің сүннетімнен бас тартса менің қауымымнан болып саналмайды» деген. Тағы бір хадисте: «Отбасын асырай алатын жағдайда болған кісі дереу үйленсін» деу арқылы үйленудің, отбасын құрып шаңырақ көтерудің дінімізде қаншалықты маңызға ие екендігін білдіруде. Бірақ, өкінішке орай осы шаңырақ, жанұя, деген қасиеттіде киелі ұғымдарды біреу түсінсе енді біреу онша байыбына бара бермейді. Олай деуімнің себебі, соңғы кездері жанұяларда болып жатқан түрлі келеңсіздіктермен ұрыс-жанжалдар, ер мен әйелдің арсындағы келіспеушіліктермен болмашы нәрселерді желеу етіп ажырасып жатқандар қатары көбейіп келеді. Сөзімнің дәлелі ретінде статистика мәліметтерін келтірер болсам, еліміздегі әрбір төртінші неке қайта ажырасып кетеді екен. Оған қоса бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2008 жылы ажырасқандар саны 49 мыңды құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 52 мыңға жеткен. Байқауымша, әсіресе жаңадан отау тігіп шаңырақ көтерген жас отбаслардың ажырасуы жиілеп барады. Оған 2010 жылы 144 мың 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40 мың 982-сінің қайта ажырасып кеткендігі дәлел бола алады.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген ұлағатты сөз бар. Бұл, мықты мемлекет мықты отбасылардан құралатындығын білдіреді. Ал енді жаңадан ірге көтерген жас отбасыларымыз осылайша тез ажырасып, көтерген шаңырақтары әпсәтте шайқалып ортасына түсіп жатса, онда келешегіміз қайдан жарқын болмақ? Бұл халімізде қалайша діңгегі берік, іргесі мықты қоғам құрай алмақпыз?

Отбасы – мемлекеттің іргетасы іспеттес. Сондықтан дініміз отбасылардың әрқашанда бақытты болуын қалап олардың бұзылмауына, шаңырақтардың шайқалмауына қатты мән береді. Сол себептіде «талақ» халал етілген нәрселердің ішіндегі ең ұнамсызы деп танылған.

Енді елімізде болып жатқан осы проблемалармен көптеген отбасыларда орын алып жатқан түрлі кикілжіңдердің себептерін айқындауға тырысып көрсек. Не себепті еліміздегі ажырасулар саны соншалықты көбейіп барады? Әрбір төртінші некенің баянсыз болуына қандай себеп итермелеуде? Әрине оның бәрін бірғана нарсеге әкеп тақап, себебі нақты мынау деп атап тұрып көрсету қиын. Өйткені, тізбектей берсек сан мың түрлі себептерді келтіруімізге тура келеді. Әйтседе солардың басты себебі ретінде мен айтар едім ол, иманның әлсіздігі, жауапкершіліктің жоқтығы. Сонымен қатар әліде болса ата дініміз Исламнан алыста өмір сүріп жатқандығымыз. Өйткені дінімізде ер және әйелдің бір-бірінің алдындағы міндеттерімен қатар отбасында да әрқайсысының өзіне тән орындауы тиіс міндеттері жүктелген. Егер, ер мен әйел өзіне тиісті болған осы міндеттерін дұрыс атқарып, бір-бірлерінің құқықтарына құрмет көрсетіп өмір сүретін болса жанұяда келеңсіз мәселе туындамас еді. Еліміздегі ажырасулар саны кәзіргідей деңгейде болмас еді. Осы проблемалардың алдын алудың бір ғана жолы дініміз бекіткен отбасындағы ер мен әйелдің өздеріне тиесілі болған міндеттерді жақсы білуі қажет.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Ей иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар!» деп бұйырады. (Таһрим-6). Осы аят түскен кезде Хазреті Әли (р.а) Пайғамбарымызға (с.ғ.у) келіп «Я, Алланың елшісі! Біз өз-өзімізді қорғай алуымыз мүмкін. Бірақ, отбасымызды қалай қорғамақпыз» деп сұрайды. Сонда хазреті пайғамбарымыз (с.ғ.у): «Ей Әли! Аллаһ Тағала саған нені әмір еткен болса алдымен өзің орында сосын отбасыңада орындауын әмір ет. Аллаһ Тағала сені неден қайтарған болса сенде отбасыңды одан қайтар. Міне сол кезде өзіңді әрі отбасыңды тозақ отынан аман алып қалған боласың» деп жауап береді. Тағы бір хадисте: «Сіздердің әр біріңіз шопан сияқтысыздар. Шопан жайып жүрген қойлары үшін қойдың егесіне жауапты болғаны сияқты сіздерде қол астарыңдағылар үшін(әйел, балашағалардан) Аллаһтың алдында жауапқа тартыласыздар» деп ескертіледі. Яғни ер кісі қиямет күні өзі үшін әрі отбасы үшінде Аллаһтың алдында жауапқа тартылатындығын ескертуде. Ал енді не нәрселерден жауапты болады дейтін болсақ оныңда жауабын хадистен көре аламыз. Бір күні Муғауия ибн Хайдан (р.а) атты сахаба Аллаһ елшісіне (с.ғ.у) келіп: «Я Расулаллаһ! Әйелдеріміздің біздің мойнымызда қандай ақылары бар?» деп сұрайды. Сахабаның сұрағына Пайғамбарымыз (с.ғ.у) былай деп жауап береді: «Өзің тамақтанғаның сияқты тамақтандырасың, киінгенің сияқты киіндіресің сосын жасаған жақсылығыңды міндет қылмайсың».

Жоғарыдағы хадистерден байқағанымыздай әйел, бала-шағамыздың алдымен тәлім тәрбиесі, олардың ғибадат құлшылығы, сонымен қатар дүниелік қажеттіліктерімен күн көріс жағдайларын қамтамасыз ету ердің мойнына жүктелген. Сондықтан отағасы осы нәрселерге мұқият болып жауапкершілігін сезіне білуі тиіс.
Ал әйел адамның міндеттеріне келер болсақ, жанұяның басшысы ер адам болған соң әйел кісі еріне бағынуы тиіс. Оның айтқанымен жүріп еріне құрмет көрсету, тапқан табысын ысырап етпей орын-орнымен жұмсау, үйін таза ұстап балаларына дұрыс тәрбие беру, бір жерге баратын болса тек күйеуінің рұқсатымен ғана бару, күйеуі үйінде болмаған кезде шаңыраққа ие болып үйге бөтен еркекті кіргізбеу сияқты көптеген міндеттері бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.у): «Қандайда бір әйел күйеуінің разылығын алған күйде дүниеден өтетін болса Аллаһ Тағала ол әйелдің өткен күнәләрін кешіріп жәннәтқа қалаған есігінен кіргізеді» деген. Сондықтан әйелдер барынша күйеуінің қызметін қылып үнемі оның разылығын алуғы тырысуы керек. Тағы бір хадисте: «Адамның адамға сәжде етуіне тыйым салынды. Егер Аллаһ Тағала маған, бір адамның екінші бір адамға сәжде етуін бұйырғанда әйелдің куйеуінің алдындағы міндетінің көптігінен күн сайын оған сәжде етуін әмір етер едім» деген.

Мүминдердің анасы Хазреті Айша анамыз (р.а). әйелдерге қарап былай деген: «Ей, әйелдер! Сендер күйеулеріңнің алдындағы міндеттеріңді білгендеріңде ғой, өздеріңнің беттерің шаң бола тұра, күйеулеріңнің бетіндегі шаңды сүртер едіңдер». Яғни, әйелдің өзінің жеке бір шаруасымен күйеуінің шаруасы қатар келіпқалса алдымен күйеуінің жұмысын бітіруі қажет екендігі білдірілуде.

Халқымызда «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі», «Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді. Жаман әйел жақсы еркекті қор етеді» деген қастерлі сөздер бар. Сондықтанда шаңырақтың мықты, берік болуы көбінесе шегесіне байланысты болса ер адам сол шегені мықтап қаға білуі керек. Демек отбасының босағасы берік, шаңырағы биік, мерейі үстем болуы үшін ер мен әйел тең рөл ойнайды екен.

Міне, егерде ермен әйел осы айтылғандарға сай амал етіп бір-бірінің алдындағы міндеттерін дұрыс атқарып ер әйелінің, әйелі ерінің құқықтарына құрмет көрсетіп өзара сыйластықпен ғұмыр кешетін болса жоғарыда айтылған проблемалар орын алмас еді.

Сондай-ақ, ер кісі әйелі мен бала-шағасын Аллаһтың берген аманаты деп білуі керек. Қиямет күні Жаратушымыз алдында сол аманаттар үшін сұралатындығымызды әсте естен шығармайық. Шаңырағымыз биік, босағамыз берік болсын. (Әмин)

Абдурахман Нұрматов,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал аудандық орталық
«Өткелбай» мешітінің найб имамы

kattani.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста