"Ислам ахлақы" кітабында былай делінеді: Шайтанның айлалары көп. Бұлардың оны маңызды: Біріншісі, “Алла тағала сенің ғибадаттарыңа мұқтаж емес”, дейді. Бұған қарсы: «Салих (жақсы) амалдың пайдасы оны жасағанға» деген мағынадағы Бақара сүресінің алпыс екінші аятын еске түсіру керек.
Шайтанның екінші айласы, “Алла тағала рахымды, кәрим, сені де кешіреді, жаннатқа кіргізеді” дейді. Бұған қарсы Лұқман сүресінің отызыншы аятындағы: «Алланың кәрим (ұлы, кешірімді) болуы, сендерді алдамасын» және Мәриям сүресі, алпыс үшінші аятындағы, «Жаннатқа құлдарымыздан тақуа (күнә істемейтін) болғандарын мұрагер етеміз» деген мағынасын еске түсіру керек.
Үшінші айласы, “Сенің ғибадаттарыңда әрқашан кемшілік бар. Рия араласқан. Мұндай ғибадаттармен тақуа бола алмайсың. Алла тағала Маида сүресінде: «Алла тек қана тақуалардың ғибадаттарын қабыл етеді» делінген. Сенің ғибадаттарың қабыл болмайды. Мұның бәрі бос әурешілік. Босқа, себепсіз таяқ жеген хайуан сияқты өзіңді қинап жүрсің” дейді. Бұған қарсы, “Мен Алла тағаланың азабынан құтылу және әмірін орындау үшін ғибадат жасап жатырмын. Менің міндетім, әмірді орындау. Қабыл ету етпеуін, Оның өзі біледі. Шарттары тура және парыздары толық орындалған ғибадаттың сахих болуы күмәнсіз”, деу керек. Парыздарды тәрк ету үлкен күнә. Бұл күнәлардан құтылу үшін ғибадаттарды орындау керек. Ғибадат жасамастан жаннатқа кіру үшін дұға ету күнә. Хадис шәрифте: «Ақылы бар адам нәпсіне ермейді және ғибадат етеді. Ал ақымақ адам нәпсіне еріп, сосын Алланың рахымын күтеді» делінген. Ахиретке қажетті нәрселерді, осы фәни дүинеде дайындау керек.
Шайтанның айлаларының төртіншісі, “Қазірше дүние-мүлік жинау үшін жұмыс істеп, жағдайыңды жасап, рахатқа қол жеткізіп ал, сол кезде емін еркін, алаңсыз ғибадат жасайсың”, деп ғибадат жасауға тосқауыл болады. Бұған жауап ретінде: “Ажал менің қолымда емес. Әр адамның өмірін Алла тағала әзелде (шексіз бұрын) тағдырға жазған. Бәлкім жақында өлермін. Ғибадат міндеттерімді уақытында орындауға тиіспін”, деу керек. Хадис шәрифте: «Хәләкәл-мусаууифун» деп бұйырылды, яғни бүгінгі міндеттерін ертеңге қалдырғандар зиянға ұшырады, делінген.
Шайтанның айласының бесіншісі, ғибаттарды тәрк еттіре алмаған соң “Тез оқы, уақытыңды жоғалтпа” деп намазды асығыстықпен оқытып, шарттарын, парыздарын толық орындатпауға тырысады. Бұған қарсы “Парыздар өте аз. Бұларды ақырын және шарттарына сай орындау керек. Парыз болмағандарды да шарттарына сай етіп аз орындау, шарттарын нұқсан қылып көп орындаудан жақсы”, деу керек.
Шайтанның айлаларынан алтыншысы рияға ұрынуды кеңес береді. “Адамдар сені көрсін, ұнатсын”, дейді. Бұған жауап ретінде, "Өз-өзіне пайда мен зиян келтіруі ешкімнің өз қолында емес. Осындай әлсіз адам өзгелерге қалай пайда келтірмек? Адамдардан бір нәрсе күту әбестік. Пайда мен зиян беретін тек қана Алла тағала. Ғибадаттарымды жалғыз Оның өзі көрсе, сол маған жеткілікті",- деу керек.
Жетінші айла ретінде, ғибадаттарға тосқауыл бола алмайтынын түсінгеннен кейін, адамға ужб, яғни ғибадаттарын жақсы көру уәсуәсәсін береді. “Сен сияқты ақылды, көңілі ояу адам бар ма? Қазіргі заманда адамдардың барлығы бұзылып, қараңғылық ұйқысында жатқанда сен ғибадат жасап жатырсың”, дейді. Бұған қарсы “бұл ақыл мен сергектік менен емес. Раббымның маған берген сыйы. Оның сыйы болмаса, мен өз басыммен ғибадат жасай алмаймын”, деп айту керек.
Сегізінші айла ретінде “ғибадаттарыңды жасырын жаса. Сонда Алла тағала, сенің сүйіспеншілігің мен абыройыңды адамдардың көңіліне орнықтырады”, деп жасырын рияға түсіргісі келеді. Бұған қарсы “мен Алла тағаланың құлымын. Ол менің қожайыным. Ғибадаттарымды қаласа қабыл етіп, қаламаса кері қайтарады. Адамға білдіріп, білдірмеуіне мен араласа алмаймын”, деп айту керек.
Тоғызыншы айла ретінде, “ғибадат жасаудың не қажеті бар? Адамдардың «саид» (жаннаттық) немесе «шақи» (жаһаннамдық) екендіктері әзелде (бастауы жоқ ертеде) тағдырларына жазылып қойған. Маңдайына саид деп жазылған адам ғибадаттарын тәрк етсе де кешіріліп, жаннатқа кіреді. Шақи деп жазылғаны қанша ғибадат жасаса да, пайдасы болмайды, сөзсіз жаһаннамға барады. Олай болса, өзіңді бос әуреге салма! Көңіл көтер, сайран сал”, дейді. Бұған жауап ретінде “мен құлмын, құлдың міндеті, қожайынының әмірін орындау”, деп айту керек. Ол бұған қарсы жауап ретінде “Әмірді орындамағанда азап қорқынышы пайда болса, әмірді орындау қажет болады. Әзелде саид деп жазылған адамда мұндай қорқыныш болмайды” десе, бұған жауап ретінде “Раббым барлық нәрсені біледі және қалағанын жасайды. Қалағанына қайыр (жақсылық), қалағанына жамандық береді. Ешкімнің Одан есеп сұрауға ақысы жоқ”, деп айту керек. Ібіліс, Иса алейһиссаламға көрініп: «Әзелде Алла тағаланың маңдайға жазғандары болады» дейсің, солай ма? деді. Иса алейһиссалам «Иә, солай» деп жауап берді. «Олай болса, өзіңді таудың басынан төмен таста. Егер маңдайыңа тірі болатының жазылған болса, ештеңе болмайды, тірі қаласың», деді. Иса алейһиссалам: «Ей малғұн! Алла тағала құлдарын сынайды. Ал құлдың қожайынын сынауға ақысы жоқ», деп жауап берді. Шайтанның мұндай айласына қарсы «Ғибадат ету пайдалы. Өйткені, маңдайыма саид деп жазылған болса, сауаптардың көбейуі, дәрежелердің жоғарылауы үшін ғибадаттарды жасау керек. Шақи болсам, ғибадат жасамады деген азаптан құтылу үшін, ғибадат етемін» деп айту керек. Ғибадат етудің маған ешқандай зияны болмайды. Өйткені, Алла тағала хаким. Ғибадат еткендерді азапқа тарту, Оның хикметіне жараспайды. Ғибадатты тәрк етудің, маңдайына саид деп жазылғанға зияны болмаса да, пайдасы жоқ. Олай болса, ғибадатты неге тәрк етуім керек? Ақылы бар адам, пайдалы нәрсені жасайды. Пайдасыз нәрсені тәрк етеді. Маңдайыма шақи деп жазылған болса, жаһаннамға Раббыма дұшпан болып кіргенше, мойынсұнып кіргенді таңдаймын. Сондай-ақ Алла тағала ғибадат еткендерді жаннатқа кіргізіп, ғибадат етпегендерді жаһаннамда азаптайтынын уәде еткен. Алла тағала уәдесіне берік. Уәдесінен қайтпайтыны ауыз бірлікпен айтылған.
Алла тағала барлық нәрсені себебімен жаратқан. Алла тағаланың әдеті солай. Тек мұғжиза мен кереметте ғана әдетін бұзуда. Ғибадаттарды жаннатқа кіру үшін бір себеп еткенін білдіруде. Яғни жаннат ниғметтерін ғибадаттарға сияпат ретінде жаратқан. Хадис шәрифте: «Ешкім жаннатқа ғибадаты себебінен кіре алмайды» делінген. Сияпат басқа, себеп болу басқа.
Шайтан айлаларының оныншысы ретінде “ғибадат ету маңдайыңа жазылған болса, оны орындау мүмкіншілігің болады. Алла тағаланың тағдырға жазғаны өзгермейді. Ғибадат жасауда және тәрк етуде адамдар мәжбүр болуда”, дейді. Шайтанның бұл сөзі алдыңғы айтқан сөздерімен бірдей. Маңдайына саид деп жазылғандарға ғибадат ету нәсіп болады. Шақи делінгендердің тәрк етулері керек болады. Шайтанның бұл айласына қарсы, барлық нәрсені және адамның жақсы, жаман әр ісін Алла тағала жаратса да, адамдар мен жануарларға «ирада-и жузийа» (таңдау құқығы) берілген. Ирадаи жузийа адамның қалауымен іске асады. Бірақ, мұны адам жаратты делінбейді. Өйткені, ирада (қалау) сыртта пайда болатын, көзге көрінетін нәрсе емес. Ол адамның көңілінде пайда болады. Сыртта пайда болған нәрсенің ортаға шығуына «халқ ету», жарату делінеді. Алла тағаланың «Ирадаи-куллийа»-сы болса, сыртта бар болған бір қуат. Алла тағала адамның таңдаған нәрсесін жасауы үшін, адамның қалауын себеп қылған. Бұл шарт болмаса да жаратады. Бірақ бұл шартпен, бұл себеппен жаратуы Оның әдеті болып табылады. Пайғамбарларында “алейһимуссалауату уәттәслимат” және әулиелерінде “қаддәсаллаһу та’ала әсрарәһумул’азиз” бұл әдетін (тәртібін) бұзып, себепсіз де жаратқаны көп көрілген. Бұған «керемет» делінеді.