Шаһид, такфир, тағұт сөздерінің мән-мағынасын біле жүріңіз

Шаһид, такфир, тағұт сөздерінің мән-мағынасын біле жүріңіз

Бүгінде дін ұстанатын жастар мен аға буын өкілдері арасында ислам дініне қатысты келіспеушіліктер болып жатады. Мәселен, енді ғана намаз оқи бастаған кейбір жастардың аузынан шаһид, такфир және тағұт сөздерін естіп қаламыз. Бұл сөздердің исламға қатысты термин екенін ішіміз сезсе де, оның мән-мағынасын түсінбейтініміз рас. Бірақ &ldquoмен намаз оқимын, мұсылманмын, дініме берікпін&rdquo дейтін жастар қарасы көбейгелі бұл сөздер төңірегінде дау көбеймесе, азайған жоқ. 

Бұл үш сөздерді кімдер қолданады және олар қандай мағынаға ие? Аталған сауалдарға нақты әрі кәсіби жауапты Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Сағидолла Берденов берген еді. 
Жоғарыдағы шаһид, такфир және тағұт сөздері ислам теологиясында көп кездесетін сөздер. Еліміз 70 жыл атеизм заманында өмір сүргендіктен, кез келген бала, осы елдің азаматтары болсын шаһид, тағұт, такфир деген сөздерді естіген емес. Тіпті, қолданыста болған жоқ. Бірақ ел тәуелсіздігін алған соң бізге ислам дінімен бірге түрлі ағымдар қарқынды түрде ене бастады. Сондықтан шаһид сөзін қарапайым адам білмегенімен, дінде жүрген адамдар мен осы салада жүрген мамандар ол сөздің нақты аудармасын біледі. 

&ndash Шаһид сөзін араб тілінен тікелей аударғанда сыртқы күш әсерінен өлтірілу деген мағына береді. Ол сөз ең алғашқы рет ислам діні тарала бастағанда қолданылып, соғыс кездері елін, жерін, дінін қорғау мақсатында жан тапсырған адам болса, cол шаһид болып есептелген. 

Ал өзін-өзі жарып жіберу, өз өміріне қиянат жасау, өз-өзіне қол жұмсау ол шаһидтікке жатпайды. Шаһид сөзінің түпкі мәні &ndashқолына қару алып, шетел асып, елінен, жерінен безіп, басқа елге барып қан шығарып, қан кешіп соғысу деген мағына емес. Діни тұрғыдан алар болсақ «Алла жолындағы күрес» біздің күнделікті өмірімізде де кездесіп жатады. Мысалы, ер азаматтың өз отбасын асырауы оған парыз. Яғни, балаларын асырау мақсатында жолға шығып, сапарға аттанса, сол жолда түрлі жағдайлармен қайтыс болатын болса, сол адам шаһид ретінде есептеледі. Себебі, оның ниеті отбасын асырау, бала-шағасының нәпақасын тауып беру болғандықтан, оның өлімі шаһид болып есептеледі, &ndash деді Сағидолла Берденов. 

Егер адам өзі тұрып жатқан жерге оба ауруы секілді індет келсе не іш ауруы секілді ағзадағы түрлі дерттің кесірінен өліп кететін болса, отқа жанып, суға батып кеткен жағдайлар болса, мұны ислам ғұламалары шаһид деп есептейді. Тағы бір мағынасы, адам өзінің мал-мүлкін, отбасын қорғау мақсатында қарақшы, ұры-қарылардың қолынан қаза тапса, ол адам да шаһид болады. Себебі, ол өзінің маңдай терімен тапқан мал-мүлкін бала-шағасының несібесін қарақшылардан құтқарып қалу үшін оларға қарсы тұрам деп жан тапсырды. 

Ал бүгінгі қоғамда осы шаһид сөзіне байланысты мүлде басқаша көзқарас қалыптасқан. Соның себебінен соңғы кездері біздің ел ғана емес, Еуропа елдері мен көптеген мұсылман мемлекеттерінде болып жатқан лаңкестік оқиғаларға  куәміз. 

&ndash Өзін-өзі жарып жіберу секілді әрекеттердің кесірінен қаншама жазықсыз адамның өмірі қиылуда. Қарапайым адамдар болса &ldquoқалайша олар өз өмірін осылай қия салады, мұндай қадамға бару ақылға сыймайды&rdquo деп түсінбейді. Ал өз өзін жарып жібергендер өзін &ldquoшаһидпіз&rdquo деп есептейді. Себебі, жалған &ldquoұстаздары&rdquo, дәріс берген адамдар оларға солай үйретіп, солай миына құйған. Сондықтан санасы уланған адамдар ондай қадамға &ldquoерлікпен&rdquo барады. Ең алғаш біздің елде Батыс Қазақстан өңірі, Атырау, Тараз, Алматы қалаларында осындай лаңкестік оқиғалар орын алған еді. Олардың сондай әрекетке баруының басты себебі, өздерін шаһид боламыз деп есептеп, соған шүбәсіз сенген. Бұл &ndash шаһид сөзінің шынайы мағынасын түсінбегендіктен адасушылыққа, орны толмас үлкен қайғыға алып келетіннің бір көрінісі, &ndash деп түсіндірді маман. 

Сондай-ақ, маманның айтуынша такфир және тағұт сөздері бір бірімен синоним, мән-мағынасы бірдей. Такфир сөзі тәкпіршілік деген сөзден шығады. Қазақстанда ислам дінінің ішінде сәләфилік ағымның екі идеялық бағыты бар. Ол &ndash тәкпіршілік және мадхализм. Соның ішінде тәкпіршілікке тоқталатын болсақ, ол &ndash айыптау, күпірлікке шығару, күнәһар ету деген мағынаны білдіреді.

&ndash Такфиризм қозғалысын ең алғаш 1970-80 жылдары Әбду Сәләм әл Фарах бастаған. Ол &ndash сәләфилік және тәкфиризм сенімінің бірге дамуына үлес қосқан дін таратушылардың бірі. Мадхализм мен такфиризм сөздерінің теологиялық тұрғыда ұқсастығы бар, &ndash деп Сағидолла Берденов мәселенің мәнін тарқатып берді. 

Такфиризмнің мұсылмандарды бөліп-жаруындағы идеологиясының мәні  барлық мәселе, барлық бүлік &ndash кім нағыз мұсылман дегеннен туындайды. Такфиризм ұстанушылары нағыз мұсылман дегеніміз ол &ndash иман келтіру және бес парызды толық өтеу, соның ішінде намаз дейді. Яғни олар намаз мәселесіне қатты көңіл бөледі. Егер сіз өзіңізді мұсылман санап, бірақ намаз оқымайтын болсаңыз тәкпіршілер сіздің дініңізді жоққа шығарып, сізді кәпір санайды. Өйткені, сіз намаз оқымайсыз, сондықтан кәпірсіз. Бұлар осы ұстанымымен де қауіпті. Себебі, олар өзінің жақыны, ата-анасы, бауыры не туысқандары намаз оқымаса, онда олармен қарым-қатынасты үзеді. Себебі, оларды адасушылар, кәпірлер деп түсінеді. 

Ал біздің еліміздегі дәстүрлі әбу Ханифа мазхабында бұл мәселе өте жұмсақ қарастырылған. Біздің ата бабамыздан ұстанып келе жатқан исламдағы иман мәселесінде адам кәлима шахадат айтса, Аллаға сенім білдірсе, ол адам мұсылман болып есептеледі. Ал оның парыздары оның жеке өмірі, жеке жауапкершілігі. Оны біз діннен шығарып, кәпір деп баға бере алмаймыз. Олай біз оларға кәпір деп баға беретін болсақ, өзіміз діннен шығып кетуіміз мүмкін. 

&ndash Тәкпіршілер өз ағайын-туыстарын мойындамай, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатса, діннен &ldquoқысымшылық&rdquo көрсе, ислам дінін ұстанбайтын адамдар сол елді басқарып тұрса сол билік өкілдерін тағұт деп атайды. 
Жиһад мәселесі міне осы жерден шығады. &ldquoМұндай елде тұра алмаймыз&rdquo деген олар дін үшін қасиетті соғыс жасағысы келеді. Жиһад сөзінің діндегі негізгі мағынасы қару алып соғысу емес, ең алдымен нәпсімен күресу. Ал тәкпіршілік Еуропа мен мұсылман елдерінде &ldquoМұсылман бауырлар&rdquo деген лаңкестік ұйымның идеологиясына негізделген. Біздің елде де осы ұйымға тыйым салынған болып есептеледі, &ndash деп сөзін қорытқан маман діни сауаттылық бізді мұндай көзсіз алданудан сақтайтындығын еске салды. 

Егер сіз осы мақаланы оқыған болсаңыз оны әлеуметтік желілер арқылы өз танысыңыз бен достарыңызға да бөлісуді ұмытпаңыз. Өйткені, шаһид, такфиризм мен тағұт сөздерінің шынайы мағынасын олар да біліп жүрсе, біз бір адамды болсын адасудан сақтаған боламыз.

Сондай-ақ, дін саласындағы білікті мамандардың кеңестері керек болса Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту» орталығына жүгінсеңіздер болады (ерлер үшін жедел желі: +77011207570, әйелдер үшін: +77011207503).

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста