Біреу садақасын ашық түрде бергенде оны көргендер де оған еріп садақа беретінін және бұдан жоқ-жітікке пайда келетінін білсе, онда жария түрде беру жасырын бергеннен артық болуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Aлла Тағала ‘Уа, адамзат! Сен инфақ ет (пақырларға садақа бер), мен де саған инфақ етейін (нәпақаңды арттырайын)’ - дейді” (Mуттәфәқун аләйһ)
Біреу садақасын ашық түрде бергенде оны көргендер де оған еріп садақа беретінін және бұдан жоқ-жітікке пайда келетінін білсе, онда жария түрде беру жасырын бергеннен артық болуы мүмкін. Расында Ибн Омардан (р. анhүма) риуаят етілгеніндей Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді: “Жасырын беру, ашық бергеннен артық. Ал басқалардың өзіне еруін мақсат етіп, ашық беру – жасырын беруден де артығырақ”.
Адам жұрттан жасырып бір амал істеп, істеген ісінің басқаларға жария болса деген қалауын іштей жеңсе, осы кезде шайтан ол тілекті қайтадан оның жүрегіне орнықтырады (қояды). Oл тағы мұны жақтырмай одан құтылуға тырысады. Сондықтан ол адам шайтанмен күрес жағдайында болады. Сондықтан бұл жасырын амалы сауапқа жатады, сауабы да ашық істелген амалдан жетпіс есе артық болады. Сосын Aлланың сондай құлдары бар; нәпсісін тәрбиелеген, хидаятқа жеткізген. Жүректері нұрға толған олардан нәпсінің уәсуәсәлары арылған. Ондай адам ашық амал жасарда күресуге мәжбүр болмайды. Өйткені нәпсінің құлқынын басқан, көзін құртқан. Ол адам амалын жария қылғанда басқалардың да өзіне еріп, сауапқа кенелуінен басқа нәрсе көздемейді. Расында Aлла Tағала Құран кәрімде “Міне, осынау игі жандар Аллаға құлшылық етіп, хақ жолды ұстауда сабырлылық пен табандылық танытқандары үшін жұмақтағы ең жоғарғы мәртебелермен марапатталады” деген мағынадағы Фурқан сүресінің 75 аяты арқылы оларға жәннаттың ең жоғарғы дәрежесін уәде етеді.
Міне, осындай тұлғалар хидаят көрсетуші, дінде жол көрсетуші, халықтың басшылары, мұсылмандар соларға еріп хақ жолды табады.
Aлла баршамызды рияға түсірмей зекет, садақа беруші құлдарынан болуды жазсын. Әмин.