Рия деген не?

Рия деген не?

Пайғамбарымыз: «Мен қатты қорқатын күнәлардың ішіндегісі ол &ndash рия» деген. Атақты ғалымдардың бірі Харис Әл Мухасиби рияны былай суреттейді: «Рия &ndash құлдың Аллаға мойынсұнып құлшылық жасап жатқанында басқа құлдарға ұнағысы келуі».

 

Қазіргі таңда рия мәселесі ең өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.  Білімі бар кісі рияның кесапаты туралы анық біледі. Рия сөзі араб тілінен енген. Оның мағынасы &ndash бір нәрсені көрер көзге істеу дегенді білдіреді. Ал, шариғаттағы анықтамасына келер болсақ рия деп &ndash Аллаға бойұсыну арқылы адамдардың өзіне қандайда бір пайда күтуді айтамыз.  Рияға көзге түсуге тырысу, құлшылықтарды көзбояушылық үшін, біреудің мақтауы, дәріптеуі үшін орындау сияқты жеккөрінішті амалдар жатады. Пайғамбарымыз: «Мен қатты қорқатын күнәлардың ішіндегісі ол &ndash рия» деген. Имам Ғазали күнәларды үшке бөлген: сараңдық, көреалмаушылық және рия. Өйткені, рия жасау кіші ширк болып табылады. Пайғамбарымыздың (соллалаһу алейһи уәссәләм)  рияға байланысты көптеген ескертулері бар. Солардың бірінде былай дейді: «Менің үмбетімнің ширкке, яғни Аллаға серік қосуға түсіп кетуінен қатты қорқамын, өйткені олар пұтқа табынбайды, күнге, айға, тасқа да табынбайды, бірақ істерін жұртқа көрсету үшін жасайды, Алла үшін жасамайды».  Атақты ғалымдардың бірі Харис Әл Мухасиби рияны былай суреттейді: «Рия &ndash құлдың Аллаға мойынсұнып құлшылық жасап жатқанында басқа құлдарға ұнағысы келуі». Басқаша айтқанда рия құлдың құлшылық жасаған кезде Алладан басқаға көңіл қоюы. Сондықтан, рия Алла Тағалаға құлшылық жасап жатқан болып көрінсе де, негізінде Алланың жаратқан құлдарының мақтауы мен марапатына ие болуды көздеу. Ғибадаттарын әдейі көрсетіп, адамдарға жақсы көріну болып саналады. Рияның 3 түрі бар: ашық рия, яғни көрсету үшін істелген амал, естірту үшін істелген әрекет және жасырын рия. Ашық рия көзге көрсету, яғни мақтанып, жұртқа жақсы көріну үшін жасалады. Оқыған намазы, берген садақасын мақтан тұтып, баршаға жар салып жүргенді жөн көреді. Екінші амал, естірту арқылы болатын рияға мысал ретінде, өтіп кеткен оқиғаны мақтан етіп айта беруін айтамыз. Мысалға алатын болсақ қажылық сапарға барғанды мақтан етіп, баршаға жар салу, әке-шешесіне істеген қайырымдылығын өзгелерге мақтан тұтып айту және тағы сол сияқтыны айтуға болады.  Ал, жасырын рия деген жүректе жоқ екен, ол жүрекке бір келіп, бір кетіп отырады. Мысалы, намаз оқып отырып, адам осы оқыған намазымды біреу көрсе екен деп ойламайды. Бірақ, көріп қойса көңілде оқыған намазымды көрді ғой деген сезім пайда болады, өкініш сезімі емес, мақтаныш сезімі. Сол ой рия еткен болып табылады. Көңілде болған, ойға келген кішкене ғана нәрсе рияға жетелейді. «Мал-мүлкін риямен ел-жұртқа көз қылып көрсету үшін жұмсап, Аллаға һәм ақирет күніне иланбайтындарды да Алла жақсы көрмейді. Кімде-кім шайтанды жақын жолдас тұтса, ол қандай жаман жолдас еді десеңші!» («Ниса» сүресі, 38-аят). Рияның адам бойында пайда болуы түрлі себептерге байланысты. Адамды рия жасауға алып баратын себептер мен жағдайларды біліп, олардан аулақ болу өте маңызды. Рия жасауға түрткі болатын себептерге ең алдымен: иманның әлсіздігі, мақтаншақтық, атақты болуға құмарту, басқаларды көреалмаушылық жатады.  Сол себепті де егер адам қазірден бастап жасаған үлкен күнәлары үшін Алладан кешірім сұрап, тәубесіне келер болса, онда осы тәубенің арқасында оның күнәлары да кешірілетін болады. Алла Елшісі (соллалаһу алейһи уәссәләм) бекер былай айтпаған: «Егер үлкен күнәлары үшін тәубе етсе, онда бір жұмадан келесі жұмаға дейінгі, бір Рамазаннан келесі Рамазанға дейінгі бес уақыт намаздың оқылуы кіші күнәлардың өтелуі болмақ». Әр істеген амалдарымызды көзбояушылықпен емес, Алланың разылығын алу мақсатында істейік. Көңілдегі мақтаныш сезімі мен нәпсіге ерік бермеу қажет. Алланың жарылқауымен біздер мұсылман болып дүниеге келдік. Осыған шүкір етіп, Алланың бұйрықтарын риясыз орындап, сүннет амалдарды сауаб үшін жасайық, бауырлар.

 

            Алла Тағала баршамызға амалдарымызды риясыз ететін иман беріп, елімізді тыныш, халқымызды бір-біріне бауырмал еткей! Ел мен дін үшін істеген әрбір ісімізді мақтан қылмай Алладан жақсылығын күтейік. Бір жарлыға жасаған жақсылығымызды міндетсімей, жақсылықты риямен өшірмей, Алланың көріп тұрғанын ұмытпай, ықыласпен амал етейік, ағайын!

 

 

 

Омаров Нұрперзент Еламанұлы,

Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы»

мешітінің Бас имамы

 

 

 

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста