Сұрақ: Рамазан – Құран айы, сонда алғаш түскен қандай сүре?
Жауап: Расында да Құран бір сәтте толық түскен жоқ. Ол жиырма үш жыл бойына аят-аят болып түсті. Ал енді Рамазан айында түсе бастаған Құранның алғашқы аяттарына келсек, онда бұл «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Ол Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) Мекке шаһарының маңындағы Хира үңгірінде уахи болды. Ислам тарихы кітаптарында бұл жағдай былай баяндалады: Жәбірейіл періште келіп: – Оқы! – деп бұйырды. Мұхамед (с.ғ.с.): – Мен оқи алмаймын, – деді. Сонда періште оны қатты қысып, сосын босатып жіберіп тағы да: – Оқы! – деп әмір етті. Мұхаммед (с.ғ.с):