РАҒАЙЫП ТҮНІ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛАТЫН ҒИБАДАТТАР

Режеб айының алғашқы жұма түні - Рағайып түні. Осы түнге ораза ұстап кіру керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сендердің (парыз) намазында жасаған кемшіліктеріңді, шүбәсіз, Алла тағала (оқыған) нәпіл намаздарыңмен толықтырады». (Мүснәд Ахмед ибн Ханбал)

 

Режеб айының алғашқы жұма түні - Рағайып түні. Осы түнге ораза ұстап кіру керек.

 

Рағайып түні, ақшам мен құптан намаздары арасында 12 ракағаттық қажет намазы оқылады.

 

Екі ракағаттан оқылатын бұл намазда Фатиха сүресінен кейін 3 рет Қадыр сүресі мен 12 рет Ықылас сүресі оқылады. Намаздан кейін 7 рет «Салат үммия» оқылып, сәждеге барады. Салат үммия:

 

«Әллаһүммә салли аләә сәйидинәә Мұхаммәдин-нәбийл-үммий уә аләә әәлиһии уә сахбиһии уә сәллим».

 

Сәждеде жетпіс рет «Сүббуухун, Құддуусун, Раббунәә уә Раббул-Мәләәйкәти уәр-рух» дұғасы оқылады.

 

Сәждеден басын көтерген кезде бір рет: «Раббиғ-фир уәрхам уә тәжәәуәз аммаа тәғләм. Иннәкә әнтәл-ағаззүл-әкрам» дұғасы жасалады.

 

Қайта сәждеге барып, жетпіс рет «Сүббуухун, Құддуусун, Раббунәә уә Раббул-Мәләәикәти уәр-рух» дұғасын қайталайды.

 

Сәждеден соң былай деп дұға жасайды «Аллаһүммә бәәрик ләнәә Рәжәбә уә Шағбан уә бәллиғнә Рамазан»

 

Рағайып түнінің ертеңінде, яғни жұма күні, бесін мен екінді намаздарының арасында екі ракағатта бір сәлем беріп төрт ракағат намаз оқылады. Әрбір ракағатта 1 Фатиха, 7 Аят ул-күрсі, 5 Ықылас, 5 Фәлақ және 5 Нас сүрелері оқылады.

 

Намаздан кейін жиырма бес рет «Әстағфируллааһәл-азыйм уә әтүүбү иләйк» деп дұға жасалады. («Дұға және ғибадаттар».)

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста