ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНҒАН СОҢ НЕ ІСТЕЙДІ?
«Құрбандық шалған соң, қолыңдағы пышақты таста. Сосын екі ракағат намаз оқы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Құрбан сойылған соң 2 ракағат шүкір намазы оқылады. «Фатихадан» кейін бірінші ракағатта «Кәусар» сүресі (Иннә a’тайнә...), екінші ракағатта «Ықылас» сүресі (Қул hүуал-лаһу әһад...) оқылады.
Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай деген:
«Құрбандық шалған соң, қолыңдағы пышақты таста. Сосын екі ракағат намаз оқы. Мұсылман баласы бұл екі ракағат намазды оқып, Aлла Tағаладан бірдеңе сұраса, Aлла Tағала oл адамға сұрағанын қалай да береді».
«Уа, Раббым! Мына құрбан (сиыр, қой не ешкі) сенен, саған және сенің ризашылығың үшін. Қайырым, мейіріміңмен Ибраһим (a.с.) мен Исмаилден (a.с.) және сүйіктің Mұхаммедтен (с.a.у.) қабыл алғаның секілді мейірім, шапағатыңмен мына құлыңнан да қабыл ал, уа, Мейірімді Аллам!..» - деп, дұға жасалады, діни және дүниелік қажеттілігі сұралады.