Құранның тағы қандай атаулары бар?

Құранның тағы қандай атаулары бар?

Расында да қасиетті Кітаптың біз білетін атынан басқа да бірнеше атауы бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың әрбірінің себебі мен хикметі де айтылған. Мұнда кең тараған есімдерінің бірқатарын ғана атап өтуге болады.

 

Мысалы, бірінші оның Құран аталу себебін атап өтер болсақ. Құран «оқу» деген мағынаны береді және Құранда елу сегіз жерде осылай аталған. Сондықтан Құран деген уақытта Алланың қасиетті кітабы түсініледі.

 

Әл-Фурқан (ажыратушы), бұл сөз Құранда жеті жерде қолданылған, мұнда екі рет Мұсаның кітабы (Тәурат), тағы екі жерде Құран деген мағына береді. Басқа эпизодтарда оның басқа мағыналары бар.

 

Құран ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын және осы екі ұғымды айқын айқындап бергендіктен, оған «Фурқан» (ажыратушы) деп атаған.

 

Кейбіреулер Құранның «Фурқан» деп аталуының себебі, бұл кітап адамға құтылу мен жақсылық сыйлайды деп түсіндірген.

 

Кітап. «Кітап» сөзі Құранда екі жүз елу бес рет қолданылған және басым көпшілігінде Құран Кәрімді білдіреді.

 

Сонымен қатар Құранды «Китаб» деп те атайды.  Кітап сөзінің араб тіліндегі негізгі мағынасы «бірге жинау, топтау» деген мағыналарды білдіреді. Сол үшін араб тілінде сөйлемді кітап деп те айтады, өйткені, ондағы әріптер реттікпен, сөздер топталып, сөйлемді құрайды.

 

Дәл сол сияқты Құранда аяттар реттікпен әріптерден құралып, оқиғаларды, тарихты және үкімдері баяндайды, сүрелерді құрайды және т.б. тізбектеліп, топталып келеді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста