Германияның Тюбинген университетінің кітапханасында Құран қолжазбасының көне үзіндісі табылды. Мамандар бұл қолжазбаны Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 632 жылы көз жұмған соң ондаған жылдардан кейін жазылған деп есептейді. Бұл туралы аталмыш университет мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Itar-tass.com сайты.
Осыған дейін сарапшылар қолжазба шамамен VIII-IX ғасырларда жазылды деп болжап келген болатын. Алайда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, соның ішінде оны мерзіміне радийкөмірсутекті сараптау жүргізу көмегімен қолжазбаның көне екені анықталды. Мамандар бұл б.д. 649-675 жылдары жазылған деген тоқтамға келіп отыр. Тіпті олар бұған 95,4 пайыз сенімді.
Қолжазба арабтың көне куфи әрпімен жазылған. «Бұл бізде сақталған Құран қолжазбаларының ішіндегі ең көнесі, тіпті ол пергаментке жазылған», - дейді кітапхана өкілі. Айта кетейік, пергамент - ертеде қағаз орнына пайдаланылған бұзау терісі.
Бұл қолжазба Тюбинген қаласына 1864 жылы кітапхана пруссиялық дипломат Иоганн Готфрид Ветцштейннің жинаған кітаптарының бір бөлігін сатып алғанда тап болған. Бұл кітапхана қорында Құранның 20-дан астам үзіндісі бар, делінген хабарламада.
Құранның көне қолжазбасы табылды
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора