Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Құранды Омар ибн Хаттабтың ұсынысына сәйкес әділетті халифа Әбу Бәкір әс-Сиддиқ бір нұсқаға жинатады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда хазіреті Османның халифалық кезінде Ислам Араб жазирасынан шығып, араб емес халықтардың арасында кеңінен қанат жайған тұсы еді.
Көптеген елді мекендер мен тұтастай бір аймақтар Ислам дінін қабылдап жатты. Қари сахабалар жаңадан мұсылман болғандарға Құранды түрлі қырағатпен үйретуге кірісіп кеткен болатын.
Нәтижесінде сахабалардың әр аймақта қоныстанғандығының себебінен, жер‑жерде үйретіліп, оқылып жатқан Құран аяттарының қырағаттары да (диалекттерге сәйкес) әр түрлі болды.
Тіпті, әр мұсылман тек өзінің үйренген әдісін ғана дұрыс көріп, өзгесін қате деп санауға көшті.
Осман халифаның тұсында Әзербайжан мен Армения аймақтарындағы жорықта осындай түсініспеушілік орын алады. Ирактан келген сарбаздар мен Сириядан келген сарбаздар арасында Құранды дұрыс оқу мәселесіне байланысты тартыс туындайды.
Бұл жасақтың қолбасшысы Хазіреті Хузайфа ибн әл-Яман мәселені одан әрі өршітіп алмауды көздеп халифаға көмек сұрап хат жазады.
Хазреті Осман мұндай даудың алдын алу мақсатында Хафса анамыздан (хазіреті Омар беріп кеткен) сақтаулы тұрған Құрайыш диалектісімен жазылған нұсқаны ортақ үлгі етіп, көшірмелерін жасауды әмір етеді.
Расында да Ислам қайсы тарапқа барса да Құранның осы нұсқасы таратылып сақталады.
Хазіреті Осман көбейтілген Құран нұсқалардың бірін Мәдинада, екіншісін Меккеге, үшіншісін Куфаға, Басраға, Шам, Йемен және Бахрейн сияқты мұсылмандардың ірі қалаларына жібереді. Осылай тарихта «Османның нұсқасы» деген атау пайда болды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz