Құранда айтылған құлшылық етсін деп, Құлшылық арқылы сынақтан өтсін деп...

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Абай атамнан қалған асыл сөз ғой бұл да. Шынымен де, хакімнің өлеңдерінен ермек үшін жазылған бір шумақ та табылмайды-ау. «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» деп Мұқағали ағам айтпап па еді. Ендеше, қара өлеңнің ауылына Мұқағали салған ізбен келгендіктен Абайдың жыры маған да үлгі болмақ. Бірақ, Шыңғыстау мен Аспантауда түлеген қос алыптай болу қайда-а-а маған. Десем де, Ибрахим хакім өзі айтты емес пе: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз», – деп. Білегім көтере алмайтын шоқпарды беліме байладым демеймін, ұқсап бағуға тырыстым. Даланың дара данышпанына жүгінсем: «Кеше бала ең келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде одан басқа», – дейді ойшыл ақын. Өмірге не үшін келгеніміздің жауабы да осы. Сондықтан бұл бөлімдегі өлеңдерімнің басым көпшілігі бір Алланы ұлықтауға арналған.
Бірде алдымда үлгі тұтып жүрген ақын ағамның бірі: «Жалпы поэзияны дінмен араластырып керегі жоқ. Көріп жүрміз ғой, кезінде отты өлеңдерімен елді елең еткізіп жүрген ақындарымыз дінді араластырып шатқаяқтап қалды», – деп есіп қалды. Сонда: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және осы хақ жолы деп әділетті» деген Абайды қайда қоямыз Осы үлгімен өз үнін қосып «Дін – ғылымның анасы, ғылым – діннің баласы» деген Мұқағали мұрасы ше? Қабылиса, Бұқар, Шал ақын, Ыбырай, Ахмет, Міржақып сынды көптеген арыстарымыздан жеткен, асыл дініміз жайлы жауһар жырларды қайтпекпіз. Кешегі бабаларымыздан бастап, Мұқағалиға дейінгі аралықтағы ақындарымыздың зерделі сөздерін зейініме тоқи келе мен де өз үнімді қосуды жөн көрдім.
Жалпы қызметтегі басшыларымыз бен әріптестеріміз құрмет көрсетсе, тіпті қалталы бір азамат қолтығымыздан демеп жатса, сөзіміздің бар жақсысын арнаймыз. Өлеңді де аямаймыз. Ал бізді ғана емес, он сегіз мың ғаламды жоқтан бар етіп жаратқан, сансыз нығметке бөлеп, күллі жаратылыстан дәрежемізді биік етіп ақыл берген Алла тағаланың құдіретін мойындап, жырымызға арқау еткеннен сауап алмасақ, күнәға бата қоймаспыз.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық сергек үшін.
АБАЙ.

 

Жаратылыс баяны
Біз жоқ болып едік әуелде,
Жаратқан қалады...
Бар қылды.
Жер дейтін алып әлемге,
Періштелерін жіберіп,
Құнарлы топырақ алдырды.
Шексіз махаббатымен,
Мейірім шапағатымен,
Жасады кескінін адамның.
Содан соң мүсінге әдемі,
Рух пен жан беріп әуелі.
Ілімін үйретті ғаламның.
Санының шегі жоқ...
Аса көп,
Періштелерге бұйырды
АДАМҒА сәжде жаса деп!
Есепсіз періште иілді,
Мейірімді Раббым сүйінді.
Сол сәтте лағнеті Әзәзіл,
Қызғанды,
Өртенді,
Күйінді...
Тәкаппарлығымен асқақ тым,
Адамға сәждеден бас тартты.
– Мен оттан
Ал Адам балшықтан
жаралған, – деп ессіз желпінді.
Сөйтті де әлемнің Раббысы,
Алланың ашуын келтірді.
Қарғысқа ұшырады осылай ақыры,
Соншалық ілімнің болмады татымы.
Сөйтті де Жұмақтан үміті үзілді,
Зияндық тигізіп өзіне ақылы.
«Үмітсіз шайтан», деп неліктен айтамыз,
Осыдан шыққан бұл қазақтың нақылы.

ІІ
Жаратушы Ием құдіретін тағы ұқтырды,
Аспан мен Жер,
Күн менен Түн сияқты,
Күллі тіршілік иесін түгел жұп қылды.
Адам да жалғыз қалмасын деп,
Сыңарымен ғұмыр жалғасын деп,
Қисық қабырғасынан алды да,
Махаббат, мейірін салды да,
Құран Кәрімде биік тұрған бағасы,
Адамзаттың ең алғашқы анасы,
Хауа Ананы жаратты.
Нанбайсың мейлі нанасың,
Бұған жоқ ешкімнің таласы,
Барлық адамзат ендеше,
АДАМ мен ХАУАНЫҢ баласы.
Ұлы Алланың құдіретін қарашы,
Әдемі жұпты нұр жүзді,
Жәннат бағына кіргізді.
Махаббатпен жаратқан құлына,
Құрметін осылай білгізді.
Бәріне рұқсат етті де,
Бір ғана жеміске тимеуін ескертіп,
Гүл бақта еркімен жүргізді.
Тыным берместен тәкаппарлығы іштегі,
Әзәзіл алғаш адамға қастық істеді.
Ойымызды да, бойымызды да бұғаулап,
Содан басталды азғыру жолға түскені.
Қызықты қызғанып аз күнгі,
Әзәзіл Хауаны азғырды.
Айласы іске асып негізгі,
Рұқсат етпеген жемісті жегізді,
Сөйтті де алғашқы күнәні жаздырды.
Ашуы келген соң Раббым,
Жаратқан пендесін жазғырды.
Жәннатта Рахым нұрына жуынған,
Ең алғаш Алланың құдіретін ұғынған.
Адам мен Хауа Ана алданып шайтанға,
Жұмақтан осылай қуылған.

ІІІ
Ешкім де салбырап түскен жоқ аспаннан,
Адамзат тарихы осылай басталған.
Ал анау Дарвин шал өзінше ғылымда
жаңалық аштым деп мастанған.
Ақылын пайдасыз ілімге жаратты,
Маймылды адамның тегіне балапты.
Алланың ерекше жаратқан пендесін,
Ұсқынсыз мақұлық маймылдан таратты.
Содан бері де сан ғасыр ауысты,
Өзендер арнасын тауысты.
Қаншама кеш батты...
Соншама таң атты.
Бір маймыл адам боп кеткен жоқ ал бірақ,
Яғни, Дарвиннің ілімі құры бос сандырақ.
Топырақтан жаралғанымызды,
Рахым нұрынан нәр алғанымызды,
Адам Ата мен Хауа Анадан таралғанымызды,
Құдіреті шексіз бір Алла,
Жеткізген бізге Құранда!
Құранда айтылған құлшылық етсін деп,
Құлшылық арқылы сынақтан өтсін деп,
Жұмақта мұратқа жетсін деп.
Құранның Хақ сөзі екенін білесің,
Алла ғаламда жалғыз-ақ Ұлы есім!
Ықыласпен оқысаң Құранның сүресін,
Бәрін де білесің!

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015, 12.04.2015, 13.04.2015, 14.04.2015, 15.04.2015, 16.04.2015, 17.04.2015, 21.04.2015, 22.04.201523.04.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста