ҚҰРАН ОҚЫЛҒАННАН ЛЕЗДЕ БОЛАТЫН ҮШ ПАЙДА
«Үйлеріңді Құран оқылмайтын қабірге айналдырмаңдар».
Иісі мұсылман баласы үшін күнделікті оның үйінде Алла Тағаланың сөзі айтылып тұрғаны маңызды. Күніне аз да болса Құранның оқылуынан үйге, сол үйде тұратын жандарға қайыр-береке бар. Құранның оқылуынан біздің үйімізге береке кіреді әрі ол бізді зұлымдықтан, жамандықтан сақтайды. Төменде Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүннетінде келтірілген Құранды оқудан лезде болатын үш пайданы келтіреміз:
1. Иманды сақтайды: үйлерінде үнемі Құран оқылып тұратын адамдар күпірлік пен шірктен ада болады.
2. Бүліктен сақтайды: Ибн Аббас бірде Жәбірейілдің (ғ.с.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бүліктің көп болатынын айтқандығын келтірген. «Бүлікті не болдырмайды?» - деп сұраған Алла Елшісіне (с.ғ.с) Жәбірейіл (ғ.с.): «Алланың Кітабы», - деп жауап берген. Демек, Құранды оқу бүліктен сақтайды. Егер үйде Құран оқылса, сол үйге береке мен тыныштық орнайды да шайтан қашады.
3. Дуагерліктен, қара сиқырдан сақтайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай айтқан: «Ішінде Құраннан ештеңесі жоқ адам қирап құлазыған үймен тең». Мұндай үйге шайтан оңай кіріп, өз әрекеттерін жасап, бүлдіріп кетеді. Әбу Хурайра (р.а.) былай айтқан: «Құран оқылатын үйде отбасы өркендеп, өсіп, берекелі болады, періштелер түсіп, шайтандар қашады. Құран оқылмаған үйде өмір қиындап, береке кетеді, періштелер жоламайтын болады, шайтандар басады».