ҚҰРАН КӘРІМ ОҚУДЫҢ ІЗГІЛІГІ

ҚҰРАН КӘРІМ ОҚУДЫҢ ІЗГІЛІГІ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنِ اسْتَمَعَ إِلَى آيَةٍ مِنْ كِتَابِ اللهِ تَعَالَى كُتِبَ لَهُ حَسَنَةٌ مُضَاعَفَةٌ وَمَنْ تَلَاهَا كَانَتْ لَهُ نُورًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ. (حم)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім Aлла Tағаланың кітабынан (Құран кәрімнен) бір аятты (құрметпен) тыңдаса, ол үшін еселенген сауап жазылады. Кімде-кім бір аят оқыса, қиямет күні ол үшін нұрға айналады”. (Mүснәд Aхмед ибн Ханбәл)

Aлла Тағала өзінің қасиетті Кітабынан бір елі ажырамауға ынталандырып, оған қарсы келуден сақтандырып Зүмәр сүресінің 23-ші аятында былай бұйырады (мағынасы):

“Aлла ең көркем сөзді (Құранды) сөздері бір-біріне ұқсас әрі сондай үйлесімді һәм біріне-бірі кепіл болып, бірін-бірі қуаттап тұратын Кітап түрінде түсірді. Раббыларынан шын именетін жандар оны оқығанда немесе тыңдағанда тұла бойы түршігіп, төбе құйқасы шымырлап кетеді. Содан кейін, олардың тұла бойы мен жүрегі Aлланы (Оның шексіз мейірімін) еске алу арқылы және Оның кітабымен жай табады. Міне, бұл – Алланың тура бастайтын (Кітабы), Ол сол арқылы қалағанын тура жолға салады. Сондай-ақ Алла кімді адастырса, оны ешкім де тура жолға бастай алмайды”.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Расында мына Құран кәрім Aлла Tағаланыңмерекесі (іспетті). Солай болған соң, оның мерекесінен шамаларың жеткенше алыңдар (оны пайдаланыңдар). 

Сөз жоқ, бұл Құран кәрім Хақ Тағаланың мықты арқауы және таза нұры. Пайда мен шипаның көзі. Өзінен қол үзбегеннің қорғаны. Өзіне бағынған адамның құтқарушысы. Құран кәрімнің мұғжизасы бітпейді, қайталап оқудан ескірмейді. Aлла Tағала сендерге әрбір әрпі үшін он жақсылық (сауап) береді. 

Осы Құран кәрімді оқыңдар. Өйткені Aлайда мынаны да біліңдер, мен сендерге ‘әлиф, ләм, мим’ бір әріп демеймін. Әйткенмен, ‘әлиф’ бір әріп, ‘ләм’ бір, ‘мим’ бір әріп”.

Aллам, оқыған Құран кәріміміздің әрбір әрпінен айырықша дәм, әр сөзінен керемет, әрбір аятынан Илаһи ізгілік және әрбір сүресінен бақыт бағыштап, оқыған әрбір жүзінің сауабын жазып бізді ризықтандыр. 

Aллам! Бізге Құран кәрімнің әріптерінен әлиф арқылы улфет, бә арқылы берекетті, тә арқылы тәубені, сә арқылы сауапты, жим арқылы жамалды нәсіп ет. Ха арқылы хикметті, hы арқылы һуллет, достықты, дал арқылы дүнүв (дін бауырының жақындығын), зәл арқылы зейін, ры арқылы рақым, зә арқылы зияделик “ізгілік), син арқылы салауат, шын арқылы шипа, сад арқылы садакат, туралық, дат арқылы зия (сәуле), ты арқылы тазалық, зы арқылы зафер (жеңіс), айын арқылы ілім, ғайн арқылы ғына (байлық) бер. Фә арқылы фәлах (құтылу), қаф арқылы құдірет (саған рухани жақындық), кәф арқылы кифаиет (күш-қуат), ләм арқылы лутуф (жақсылық), мим арқылы мәвуза (үгіт-насихат), нун  арқылы нұр,уау арқылы уәлайет (Аллаһ Тағалаға жақындық),һә арқылы хикаят,ләмәлиф арқылы лика (Саған қауышу)және йә арқылы йүср (жеңілдік)нәсіп ет. Әмин.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста