Қорылдаудың өзің үшін де, қасыңдағы адам үшін де жағымсыз жағы көп екені рас. Қасыңыздағы адамға ұйықтауға кедергі жасасаңыз, ал өзіңіз мұндай «әуеннен» жиі оянып, мазасызданып шығуыңыз мүмкін. Ең бастысы, қорылдау – денсаулықта кінәрат бар екенінің көрсеткіші.
Көбінесе, артық салмағы бар адамдар қорылдайды. Оны себебі қалың майлы тіндердің ауаны дұрыс өткізбеуінде. Салмақты төмендету арқылы қорылдан құтылып қана қоймай, ағзаға түсетін жүктемесін де азайтуға болады.
Егер қорылдаудың басты себебі эндокринді жүйенің немесе жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауында болса, онда оны үй жағдайында емдеу мүмкін емес. Мұндайда дәрігерге қаралып, ауруханаға жатып емделуге тура келеді. Егер сіз бас сүйектерінің құрылымы дұрыс болмағандықтан қорылдасаңыз, сізге пластикалық отаға жүгіну қажет.
Қорылдың тағы бір себебі, мұрынның бітелуі болуы мүмкін. Ондайда дәріханада сатылатын арнайы дәрілерді сатып алып, қолданыңыз немесе танауыңызға шырғанақ (облепиха) майынан бірнеше тамшы тамызғаныңыз жөн.
Сонымен қатар, түнде ыңғайсыз жатып қалу да қорылдаудың себебі болуы әбден мүмкін. Әдетте адам шалқасынан жатқан кезде қорылдайды. Бірақ, бұлай жату дұрыс ұйықтаудың бір алғышарты болып табылады. Егер сіз шалқасынан жатқан кезде қорылдасаңыз, бұл денсаулықтың нашарлағынын немесе артық салмақты білдіреді. Қандай жағдай болмасын, мұндайда қалай дұрыс жатсам дегеннен гөрі, қорылдың себебін жойған дұрыс.
Қорылаудың тағы бір себебі шылым шегу мен ішікмдікке әуестік. Олар адамның көмейіндегі бұлшықеттерді әлсіретіп, теріс әсер етеді. Сондықтан шылым шегуден бас тартқан жөн.
Ұйықтайтын бөлмедегі құрғақ ауа да қорылдың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан жатар алдында бөлмені жақсылап желдеткен дұрыс.
Қорылмен күресудің тағы бір жолы бар. Бұл қытай әдісі адамның ішкі ағзасына әсер ететін ерекше нүктелерге массаж жасауға негізделеді. Бірақ ем нәтижелі болу үшін, қорылды күшейтіп отырған себепті табу керек. Ол үшін, әрине, дәрігерге қаралған дұрыс.
Сондай-ақ, қорылдан құтылудың дәстүрлі жолдары да бар. Мысалы, орамжапырақтың бал қосылған шырыны. Бір стақанын ұйықтар алдында ішу керек.
Қорылдан арылудың тағы бір тексерілген әдісі – ән айту. Көңілді әрі пайдалы бұл істің негізгі қызметі – көмейдегі бұлшықеттерге күш түсіру. Ал, көмейдің мықты бұлшықеті қорылдауға ешқашан жол бермесі анық. Егер ән айтуды жаныңыз қаламаса, онда мына бір тиімді жаттығуды жасасаңыз болады. Ауыздың бұлшықетіне салмақ түсіріп тұрып, «И» дыбысын шығарыңыз. Бұл жаттығуды ұйқы алдында және оянған соң, 25-30 рет қайталауыңыз керек.
Қорылмен күрестің барлық әдісін қолданып, ешқандай нәтиже көрмесеңіз, лазерлі терапияға жүгінуіңізге болады. Бар-жоғы 15 минутқа созылатын операция қорылды сізге жоламайтындай етіп көмектесе алады.