ҚИЯМЕТ ҚАШАН БОЛАДЫ?

ҚИЯМЕТ ҚАШАН БОЛАДЫ?

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір топ адаммен әңгімелесіп отырғанда бір бәдәуи (шөл даланың тұрғындары) келіп одан: «Қиямет қашан болады?» деп сұрады.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әлгі бәдәуидің сұрағына жауап берместен әңгімесін әрі қарай жалғастыра берді.

 

Сонда кей адамдар өзара: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бәдәуидің айтқанын естіді, алайда қойған сұрағын ұнатпады», - десе, енді біреулері: «Жоқ, ол оның сөзін естімеді», - десті.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөзін тәмамдаған соң: «Қиямет күні жайында сұраған қайсысың?» - деді.

 

Сонда әлгі бәдәуи: «Уа, Алланың елшісі! Мына мен едім», - деді.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Аманат жоғалған кезде қиямет-қайымды күте бер» - деді.

 

Бәдәуи: «Ол қалай жоғалады?» - деп қайта сұрады.

 

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Іс (ғылым, басшылық секілді маңызды қызметтер) лайық емес адамдарға табысталған кезде (аманатқа қиянат жасалған, міне, сонда болады) қиямет-қайымды күте бер», - деп жауап берді», - деген (Бұхари, илм 2/риқақ 35).

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста