Қасиетті жұма күні Алматыдағы «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен соңғы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің туған айы Мәуліт мерекесі аясында бірқатар діни шаралар өтті.
Онда Алла елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің атына салауат айтылып, Мәуліт мерекесі намазы оқылды, қазақ халқының салт-дәстүр көрмесі өткізілсе, шараға жиналған жамағат Мәуліт көжесінен дәм татты. Бүгінгі діни шараны өткізудегі мақсат-міндеттерге тоқталған Төле би мешітінің бас имамы Кенжәлі қажы Мырзабай ойын былай жеткізді:
-Көрме мақсаты – Кеңес уақытындағыдай дінімізден алыстаған шақта біздің ата-аналарымыз дінді қалай ұстағанын, қалай киініп, қандай кітаптар оқығанын, қалай тіршілік кешкенін көрсету және түсіндіру болып табылады. Және олардың осынау көне кітаптарды қалай сақтап келгендігі жөнінде де мәліметтерді табуға болады.
Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы сондай-ақ, көрмеге қойылған көне кітаптардың басым көпшілігі араб, түркі шағатай, парсы тілдерінде (1700-1927-ші жылдар аралығында) «Мухаммадия», «Тафсир», «Дін туралы», «Сопы Алла яр», «Киссасул анбия» деген атаумен басылып шыққанын атап өтті.
Жалпы қазақ халқы Ислам дінін өз еркімен қабылдаған күннен бастап, Орталық Азияда мекендейтін халықтар ішінде бірінші болып Суннит бағытын, оның ішінде Ханафи Мазхабын бекер ұстанған жоқ. Оның басты себебі Ханафи Мазхабы мен қазақтың салт-дәстүрі бір-бірімен үйлесім тауып, еш қайшылыққа бармаған.
Оның үстіне бүгінгі шара еліміздің Бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының былтырдан бері ұйымдастырып келе жатқан «Дін мен дәстүр» жобасының жалғасы іспетті.
«Төле би» мешіті – Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының пәтуа-шешімдерін басшылыққа алады. Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабын ұстаған халқымызға (әһлі сунна уәл жамағат) ислам дінін жеткізуде 1999 жылдан жемісті еңбек етуде. Мешіт имамдары мен қызметкерлері – Түркістан, Бұхар, Ташкент медреселерімен қатар, Каир қаласындағы (Мысыр) «Әл-Азһар», еліміздегі «Нұр-Мүбарак» университеттерін бітірген жоғары білімді мамандар. Уағыз айту мен дәріс беру қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Араб тілінен сауат ашу және Құран оқу курсы бар.
Қазақ халқы Абу Ханафи Мазхабын бекер ұстанған жоқ
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора