Қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы діни сарындар

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтиды. Орта ғасырда мұсылман мәдениетінің дамып-өркендеуіне түркілердің қосқан үлесі аз болған жоқ.
Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген. [1]
Расында, қазақ әдебиетінің тарихында Шығыс шайырларынан, діни кітаптардан нәр алған, онда баяндалатын тәлім-тәрбиелік, ахлақи мәселелерді ана тілінде қайта жырлауға тырысқан ақындарда аз болмаған.
Жыраулар мен жыршылардың бәрі де, алғашқы сөздерін “Алланың атымен” бастап, содан соң ғана негізгі тақырыпқа кіріскен. Қарахандықтар билігінен бері ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін өмір сүрген ақындардың жырлайтын басты тақырыптарының бірі - діни мазмұндағы шығармалар еді.
Әдебиеттанушы М.Мағауин қазақ әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты ой-тұжырымы туралы: “Классикалық Шығыс әдебиетінде әрбір сөз Алла атынан басталатын. Бүкіл әлемге аян атақты дастандардың барлығында ең алдымен Хақ тағалаға мадақ айтылады. Содан соң жүз ныспылы, бір кейіпті пайғамбарға сыйыну шарт”, – деп жазғанындай, қолына қалам алған ақындар өлеңдерін “Бисмилләсіз” бастамайтын болған. [2].
Орта ғасырдан басталған осы үрдіс дүниеге келген шығармалардың басым бөлігінде көрініс берді. Түркі даласына сопылық ілімді таратқан Қ.А.Ясауидің өнегелі жыр-жолдары:
“Бисмилләһ” деп баяндайын хикмет айтып,
Талибтерге дүр мен жаухар шаштім, міне,
Риязатты қатты тартып, қанды жұтып,
Мен «Дәптер сани» сөзін аштым, міне. [3] - деген жолдармен бастаса, одан кейін Шәді төре Жәңгірұлы ақын да:
Жат еттім аузыма алып бисмилләні,
“Әррахманир-рахим-дүр” Ахад аты, – деп, “Харунның жер жұтқан оқиғасы” деген діни дастанын Алланың атымен жазған. Шәді ақынның өзі Исламның барлық шарттарын қамтитын шығармалары “Назым Сияр Шәриф”, “Назым Хайбар”, “Фиқһ Қайдан”, “Ахуал қиямет”, “Қисса Барсиса”, “Мұсаның “Тәуратты” алғаны” сияқты еңбектері қазақтың ислами әдебиетіндегі алар орны ерекше. [4]
Осылайша Ислам діні тараған кең байтақ мұсылман жұртында Алланың аты шайыр шығармасының “кіріспесіне” айналған. Себебі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың “Кез келген қайырлы істі бисмилләмен бастаңдар” деген өсиеті кейінгі үмметіне қатты әсер еткен десе де болады.
Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты. [5]
Орта ғасырда негізі қаланған ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.
Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, даму тарихының көрнекті тұлғалары Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”, Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет”, Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы”, Ахмет Йүгнекидің “Ақиқат сыйы”, Бурхануддин Рабғұзидың “Қиссасул әнбия” (немесе кейде “Қиссасур Рабғұзи”), Сейф Сарайдың “Гулистан бит-түрки” сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген жәдігерлердің шығармалары - соның жарқын дәлелі. Бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тарихына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын маңызды шығармалар болып табылады.
Сан ғасырлар бойы халық көкірегінде жатталып, біздің дәуірімізге дейін жеткен Асан, Қазтуған, Досмамбет, Шал ақын, Шалкиіз (ХV-ХVІІІ ғ.ғ. ) жыраудан бастап, Шәді төре Жәңгірұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Кердері Әбубәкірге (ХІХ ғ.) дейін зар-заманда ұлттың ұрангерлері болып, ел ұйытқысына айналған ақын-жыраулар болған. Мысалы, Шал ақынның:
«Ат аспанда, нұр періште» деген сөз бар,
Құдайым жақсы десе, ұжмақ етер.
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай,
Егер тыю салмасаң, Иманынды жеп кетер.[6] – деген. Бұл атақты тұлғалар қазақ қоғамның рухани тәрбиесі, әдептілік, құқықтық, діни қағидаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру істеріне араласты. Түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет шеңберінен шығып, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, біртұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой-ағымына айналды.
Хақ дінді шығармаларында жырлау арқылы бұл сенімнің қазақ даласына тарауына айтарлықтай дәрежеде өз септігін тигізді. Сол дәуірлерде өмір сүрген ақындардың шығармаларында Құран аяттары мен пайғамбар хадистері жиі қолданылған. Осы тұрғыдан алғанда Ислам түркілік әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты деуге болады. Осындай әдеби шығармаларды айтпағанның өзінде, дәстүрлі діннің негізгі қағидаларын ашып көрсететін Құран мен хадис құпияларынан сыр шертетін әрі танымдық тұрғыда жазылған еңбектер де жеткілікті.
Сонымен, Ислам діні негізінде пайда болған сопылық VІІІ ғасырда өмірге келе отырып, қазірге дейін қазақ поэзиясына өзіндік әсерін тигізіп келеді. Сыр бойындағы ақын-жырауларының сопылық поэзиясына әсері болған. Сондықтан олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрініс беріп отырған. Мәселен, оны Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:
Сопылық деген - ауыр жол,
Пендеге зарар етпеген.
Ұстап жүрсең тәуір жол.
Сопылықты іздесең,
Дүние қуып кетпеген...
Оқыған көп ғалым бол.
Аллаға ғашық дос болған,
Атқан оққа төзгендей,
Шайтанменен қас болған,
Қара тастан қалың бол. [7] - деген екен. Осыған ұқсас өлең тармақтары бірнеше ақын-жырау шығармаларында кездеседі. Әрине, жырауларының барлығы бірдей сопылық жолда болған, пірге қол беріп, зікір салған деп айта алмаймыз. Бірақ та олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрінісі байқалады. «Сыр сүлейлері» деп аталатын сыр бойы ақын-жырауларының бірі болған Қарасақал Ерімбеттің:
Әуелі сұра, тілім медет Хақтан,
Талайлар медет тілеп жәрдем тапқан.
Сен кімге Хақтан өзге сиынасың,
Халық еткен бұл әлемді бар мен жоқтан – деп жырлаған. Ерімбет - Ислам дінін жақсы түсініп талдайтын, халыққа Құранды насихаттай білетін, ахун дәрежесіндегі болған сопы. Сондай-ақ «Атымтай Жомарт», «Садуақас Сахи», «Ақтам сахаба» қисса-дастандарын жазып, сақилықты насихаттаған екен.
Сыр бойы жырауларының тағы бір өкілі Бұдабай Қабылұлы «Әйекені жоқтауында» да сопылық сарын айқыны байқалады:
Әуелі Құдай жаратқан.
Екінші сөзім - Мұхаммед.
Бейнетті басқа бір өлім,
Мұхаммедке болса үммет.

Ақырын Алла бермесе,
Орнады бізге бір нәубет.
Сақилығы бар еді,
Баязит пенен Бастандай – дегендей бұл шығарманың сол кездегі бір оқиғаға байланысты ел ішіндегі екі ру арасындағы болғалы тұрған қақтығысты болдырмай, руларды ортақ мәмілеге келтіру болғанымен, сопылық сарынмен еш байланынысы жоқ деуге хақымыз жоқ. Өлеңнің соңғы жолындағы Баязит пенен Бастандай, дұрысында Баязит Бистами болуы керек. Бәлкім, жыраудың бұлай айтуымен жыр жолына түсіруі қазақы тілге салуынан болса керек. Баязит Бистами - сопылық ілімдегі өте ірі белгілі тұлға.
Қазақ поэзиясында шығыстық сарындағы ақын-жыраулардың ішінде Сыр өңірі жырауларының алатын орнына көптеген зерттеушілерде жоғары баға берген. [8]
Алаш ардақтысы А.Байтұрсынұлының: “Қазақтың өлеңді-сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған”, – деп жазғанында қазақ даласында пайда болған діни қисса-дастандарды меңзеген. [9]
Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың “Дін – насихат” деген қағидасын еске алсақ, онда қазақ ақындары бұл өсиетті өз деңгейінде орындаған. Бұл пікірімізді сол замандарда дүниеге келген діни дастандар айғақтайды. Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан-алуан мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық-дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, атамекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселесін жырлаған.
Жалпы, поэзиядағы сопылық сарындар ертеден жалғасын тауып келе жатқандығын тарихтанда білеміз. Сопылық поэзияны айта кету біздің қазақ әдебиеттану ғылымы үшін де мәні бар. Себебі орта ғасырдағы әдебиеттің үлкен бағыты сопылық поэзия болып есептеледі. Бірінде исламның сыртқы формасы сөз болса, екіншісінде ішкі сезімге көбірек көңіл бөлінген.
Осындай діни дастандар Исламның қазақ даласында берік орнығуына септігін тигізді. “Біріншісі, Ислам дінін таратушылардың іс жүзіндегі (мешіт, медресе) үгіт-насихат жүргізуі арқылы жүзеге асса, екіншісі, ақынжанды дала тұрғындарының жан-жүрегіне тасқа басылған жыр сөздермен (діни дастандар) әсер ету арқылы орындалған тәрізді”, [10] - деп Б.Әзібаеваның жазғанындай, сенім екі жол арқылы халықтың көкейіне қонып отырды. Әсіресе соңғы “жол” қазақтың иманының күшейуіне қатты әсер етті. Бір кездері суреткер-ғалым М.Әуезовтің: “Қазақ арасына ісләм дінінің тарауына көбінесе қазақтың ақындықты сүюуі себеп болды”, – деп жазғанында да, Исламды таратуда ақындардың ерекше рөл атқарғанын сілтеген болатын. [11]
Қорыта айтқанда, қазақтың басқа да шығыс халықтарының мәдениетімен тығыз байланыста екендігін көруімізге болады. Қазақ халқының тарихи кеңістігі мен географиялық орналасуының өзі батыс пен шығыс арасында дәнекерлік қызмет атқаруына үлкен септігін тигізгені анық. Қазақ даласына тек шығыстың материалдық дүниесі ғана жеткен жоқ, сонымен қатар оның классикалық поэзиясы да қазақ әдебиетін нәрлендіріп отырды.
altyalash.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста