Бір күні қазіреті Әлиге (Алла ол кісіге разы болсын) бір құл келіп өзін-өзі сатып алып, басына азаттық алуға жағдайы келмей жатқанын айтады да, көмек сұрайды. Сонда ол кісі: "Мен саған Пайғамбар (с.ғ.с) маған үйреткен бір СӨЗДЕРДІ үйретейін бе? Оны айтатын болсаң, сенің ҚАРЫЗЫҢ ТАУДАЙ болса да, Алла оны өтейді", дейді де: "Я, Алла! Мені харам нәрселеріңе ұрындырмай, маған халал нәрселеріңді жеткілікті ет. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаға мұқтаж етпе", - деп айт", дейді. Тирмизи, 3563.
&lrmاللهم اكفني بحلالك عن حرامك وأغنني بفضلك
عمن سواك
"Аллаһумма-кфиний би хәләәлика 'ан хараамика, уә ағниний би фадликә 'амман сиуәәкә".
Алла қарыздарыңыздан азат етіп, қарызға қайта ұрындырмай, жаны да, тәні де бай құлдарынан етсін!