Қайыр сұрау туралы дін не дейді?

Мешіт маңы, базар жанында жағдай жоқтықтан ба, әлде басқа мәселе себеп пе, әйтеуір, алақан жайып жүрген жандар бар. Ол туралы дінде не айтылған?Қайыр сұрау дінге жат емес пе? Назарларыңызға осы сұрақтар төңірегінде философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кеңшілік Тышқан мырзаның жауабын ұсынамыз.

Қайыр сұрау туралы дінде болады не болмайды деген нақты үкімдер жоқ. Ол үкімнің болмайтын себебі ол адамның әлеуметтік жағдайына және мұқтаждығына байланысты дүние. Алайда, қайыр сұрайдың да белгілі бір әдептері, шарттары бар. Қазіргі кезде көшеде қайыр сұрап жүрген адамдардың барлығы діни шарттар тұрғысынан қайыршы болып саналмауы мүмкін. Өйткені адамдар мүгедектік, отбасылық жағдайына байланысты осылай істеуге мәжбүр болуы мүмкін.

Қайыр сұраудың ең дұрыс әдебі – ешкімнің алдында қол жайып, алақан ашып бармау. Оны өзінің көрші, туыс-туғандары біліп, оған көмектесетін болса, намысын, абыройын сақтап қалу үшін тиімді.

Қайыр сұрау – адам оңай бара қоятын шаруа емес. Ал қазір біз оны жеңілдетіп алған сияқтымыз. Өйткені көшеде қайыр сұрап жүрген адамдардың көптігіне қарайтын болсақ, оның сәнге немесе жеңіл табыс табу жолына айналып кеткендей байқалады.

Пайғамбарымыздан жеткен өсиетті әңгімелердің ішінде, адамның ең жақсы әдебі – қайыр сұрап адамның алдына шықпай, үйінде отыру. Жағдай болмай үйінде отырған жандарды, өзге мұсылмандар түсініп, оған қолдау көрсету абзал болады деген.

kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста