Ассаляму алейкум! Адам қайтыс болғанда жаназаға дейін құран оқылмайды дегенді естіп едім. Сол қаншалықты рас? Қандай дұғада болу керек? Айтып жібересіз бе? Алла разы болсын! Ерболат.
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Жан тәсілім еткеннен кейін мархұмның денесі жуылып кебінделісімен Құран оқи беруге болады. Оның еш ағаттығы жоқ. Ал, денесі жуылмай тұрып Құран оқимын деуші кісі басқа жерде оқуына рұқсат, мәйіттің басы-қасында Құран оқу – ол жағдайда мәкруһ болмақ[1].
Әйтсе де, әдетке сай мархұмды жер қойнауына тапсырғанға дейін немесе өзіңіз айтпақшы, жаназасы шығарылғанға шейін Құран оқуды кешеуілдетудің де теріс тұсы жоқ.