Қадір түнінің қасиеттері

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде айтты: «Шындығында қиямет күні менің қасымда болатындар, салауатты көп айтқандарың», яғни, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауатты көп айтқан сайын Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жақындай түсеміз. Әби Әбдиллә ибн Әби Хафсилькабир (Алланың оған рахметі болсын) «Куфа қаласында бір жазушы қайтыс болып, оны бір ғалым адам түсінде көреді, ғалым адам марқұм жазушыдан: "Қалың қалай?" -деп сұрағанда. Сонда жазушы:"Раббым мені кешірді, себебі, Пайғабарымыздың (с.ғ.с) атын салауатсыз жазбадым".» Демек, салауат жазған адамды кешірген Алла тағала, жүрегімен, тілімен салауат айтқанды қалай кешірмейді.

Қадір түнінің қадір деп аталу себебі: Алла тағала келесі жылғы Қадір түніне дейін болатын істерді, яғни, кімге ажал келетіні, қанша ризық берілетіні, қалалар мен құлдарға не болатындығы белгіленеді, белгіленудің мағынасы: Алла тағала періштелерге сырын ашып, сол істерді атқаруларын әмір етеді. Бұл жерден біз Алла тағала болатын нәрселерді сол түні яғни, Қадір түні жаратады деп түсінбеуіміз керек, себебі: Алла тағала болатын нәрселердің барлығын, жеті қат аспанмен жерді жаратпастан бұрын тағдырлап қойған.

Хусейн ибн Фазыл деген ғалымға сұрақ қойылды: «Алла тағала жеті қат аспанмен жерді жаратпастан бұрын, барлығын тағдырлап қойса, Қадір түнінің мағынасы не? Жауабына: тағдырларды уақытына әкелу және сол істердің өтелуі періштелерге белгілі болады» – деді.

Сол Қадір түні рахметпен азап дәптері Жәбірейілге (ғ.с.), шөптер мен ризық дәптері, Микәйлге (ғ.с.), жауын мен жел дәптері Исрафилге (ғ.с.), ажал дәптері Әзрейіл (ғ.с) періштеге тапсырылады.

Құран Кәрімде айтылғандай:فيها يفرق كل أ مر حكيم » «Сол түні әрбір іс ажыратылады».

Қадір деген сөз екі түрлі мағына береді: бірінші мағынасын біз жоғарыда түсіндіріп кеттік.

Екінші мағынасы: тар деген ұғымды білдіреді, яғни, періштелердің жер бетіне көп түсетіндігі соншалық жер беті оларға тар болады.

Қадір түні періштелердің жерге түсу себебі: Олар Адамды жаратар бұрын Алла тағалаға, адамдарды неменеге жаратасың олар жер бетінде бұзықтық жасайды ғой деп, уәж айтқандарын теріске шығару үшін, істің олай болмай шыққандығын көрсету үшін жер бетіне түсулеріне әмір етіледі, сол кезде періштелер адам баласынан кешірім сұрап, дұға қылып және күнәларына жарылқау тілейді.

Қадір сүресінің түсу себептерінің бірі-Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеден өтер уақыты тақалғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Мен бұл дүниеден өткеннен кейін, Раббымның сәлемін үмметіме кім жеткізеді деп қайғырғанда, Алла Тағала сүйікті құлын жұбату ретінде, осы Қадір сүресін нәзіл қылған, яғни үмметің менің сәлемімсіз қалмайды, қадыр түнінде періштелер түсіп, сәлемімді үмметіңе жеткізеді.

Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім Қадір түнінде 2 рекағат намаз оқып, әр рекағатында «Фатихадан» кейін, 7 мәрте «Ықылас» сүресін тәмамдап, сәлем бергеннен кейін, 70 рет «Астағфирулла уа атубу иләйһи» деп айтса, орнынан тұрғанша ата-анасының және өзінің күнәсі кешіріледі және бұл дүниеден өтерде пейіштегі мекенін көреді.

Мұса (ғ.с.) Алладан сұрайды:

–Қалай мен Өзіңе жақын боламын?
–Кімде-кім Қадір түнінде тұрса, Маған жақын болады.
–Енді мен Сенің рахметіңді қалаймын.
– Кімде-кім Қадір түнінде міскіндерге мейірім етсе, Менің рахметіме бөленеді.
–Енді Сырат көпірінен пырақ секілді өтуді қалаймын.
– Кімде-кім Қадір түнінде садақа қылса, пырақ секілді өтеді.
–Я, Раббым! енді мен жәннат ағаштарының көлеңкесінде отырып, жемістерін жегім келеді.
– Кімде-кім Қадір түнінде тасбих тартса, жәннат нығметтеріне ие болады.

Я, Раббым! тозақтан құтылғым келеді.

Кімде-кім Қадір түнінде таң айтқанша истиғфар айтса.

Я, Раббым! Енді сенің ризалығыңды қалаймын.

Сол кезде Алла Тағала:

–Мен Қадір түнінде 2 рекағат намаз оқыған құлыма разымын» деген екен.

Риуаят етілген бір хабарда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Қадір түнінде 4 түрлі ту түсіріледі: 1-сі мадақ туы, 2-сі рахмат туы, яғни, мейірім туы, 3-сі мағфират туы, яғни, кешірім туы, 4-сі керемет туы, яғни, ұлылық туы. Осы әрбір туды мың періште ұстап түседі. Осы тулардың әрқайсында «Лә иләһә илалла, Мухаммадур Расулулла» деп жазылған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім осы түндеلا إله إلا الله محمد رسول الله «Лә иләһә илалла, Мухаммадур Расулулла» деп,- 3 рет айтса, бір рет айтуымен Алла Тағала оның күнәсін кешіреді, екінші рет айтуымен тозақ отынан құтқарады, үшінші мәрте айтуымен жәннатқа кіргізеді, мақтау туын аспан мен жер арасына, мағфират туын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабірінің үстіне, рахмат туын Қағбаның үстіне, керемет туын бәйтул Муқоддәс үстіне қояды. Рахмат пен Керемет туларының әрқайсысы осы Қадір кешінде әрбір мұсылманның есігінің алдына жетпіс мәрте келіп, оларға сәлем қылады».
Қадірменді Мұсылман қауым! Қадір түні шілде айының 23-нен 24-іне қараған түн. Алла тағала қасиетті Қадір кешінде, әрбір жасаған ізгі амалдарымызды, тілеген тілек - дұғаларымызды қабыл қылып, қадамдарымызды сауаптан қылғай!

 

Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешіттің найб имамдары: Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

ihsan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста