Зирр ибн Хубайш: «Убай ибн Кабға (р.а) Ибн Мәсғуд (р.а): «Жыл он екі ай барлық түндерді ұйқысыз өткізген жан Қадір түнін іздеп, оған маңыз аудармаса да болады» деген кезде, ол былай деп жауап берді:
«Өзінен басқа жаратушы болмаған Жаратушы Иеме ант етейін! Қадір түні Рамазан айының ішінде. Қадір түнінде Алла Елшісі (с.ғ.с.) бізге намаз оқуды бұйырған еді. Ол түн Рамазанның 27-ші түні болатын. Қадір түнінің белгісі – таң рауандап атқан шақта, күннің аппақ және шапағының жанарды ауыртпайтындай болып тууы» (Муслим, Салатул-Мусафирин, 179) деген хадисті рияуаят етеді.
Ал, Абдуллаһ ибн Омар жеткізген риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қадір түнін іздегендер Рамазаның 27-ші түнінен іздесін» (Ахмад ибн Ханбал, Әл-Муснад. VIII, 426) деп, бұл түнді құлшылықпен өткізуге шақырған.