ҚАБІР ӨМІРІ

«Расында, қабір- қайтыс болған адамға жәннат бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқырболады» (хадис)

 

Өлім мен қияметте қайта тірілу арасындағы уақытты – қабір әлемі дейді. Ал, шариғатта өлім мен қияметте қайта тірілу арасындағы уақытты – «барзақ» әлемі деп айтады. Әр пенденің  онда күтетін белгілі уақыты болады.

 

Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүмин кісі өзінің қабірінде болғанда жасыл, жаймашуақ бақшада болады. Оның қабірі жетпіс аршыға кең болады әрі он төртінші түні ай қалай жарық болса, солай жарық болып тұрады»,-деген.

 

Ал, Қасиетті Құрани Кәрімде Алла Тағала: «Шүбәсіз, олар үшін берекесіз шектеулі өмір болады...»,- деген аяттардың қандай адамға қатысты түскенін сұраған сахабаларға Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл кәпір адам қабірде болғанда көретін азаптар. Оған тоқсан тоғыз айдаһар шабуыл жасайды. Айдаһардың не екенін сендер білесіңдер ме? Ол-тоқсан тоғыз жылан. Әр жыланның жеті-жетіден басы болады. Жыландар адамның тәнін бүкіл жерінен өздерінің уын салып, шаға береді. Олар оның денесіне кіріп-шығады. Бұл жағдай барлығы қайтадан тірілгенге дейін, қиямет күніне дейін жалғасады»,-деп түсіндіреді.                                                                                                         Осы жыландарға қатысты қабір азаптарының сипаттамасына қайран қалудың еш қажеті жоқ. Адамның бойында мына жаман қасиеттер бола тұра бұған таңқалу дұрыс болмайды: жаман мінез, тәкаппарлық, менмендік, екіжүзділік, сабырсыздық, көреалмаушылық, кекшілдік, қастандық және басқа да жаман қасиеттер.                                                                                               Кез - келген адам өлгеннен кейін топыраққа көмілсе де, яки көмілмей суға батып, балықтарға жем болып немесе отқа жанып күл болып кетсе де, міндетті түрде қайта тірілгенге дейін қабір, яғни, барзақ өмірін бастарынан өткізеді. Өйткені рух сол бөлек-бөлек боп шашылып кеткен денемен байланыс құра алатындай қабілетте. Адам баласы қабірге қойылғанан кейін оның алдына екі періште – Мүнкар мен Накир келіп, оның Раббысы, Пайғамбарды, діні жайында сұрайды. Содан кейін оған қабір азабын тарттырады немесе сый ретінде қияметке дейін тәтті ұйқы нәсіп етеді.

 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) жеткізген хадисте: "Алланың құлы қайтыс болғанда оған жасыл көздері бар, қара екі періште келеді. Бірінің аты – Мункар, екіншісінікі – Накир. Өлген кісіден екеуі былай деп сұрайды: "Пайғамбар жайлы не айтасың?" Егер қайтыс болған адам мүмин болса, ол былайша жауап береді: "Ол – Алланың құлы әрі Оның Елшісі. Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед – Оның Пайғамбары екендігіне куәлік етемін". Сонда екі періште былай дейді: "Сенің осылай айтатыныңды біліп едік". Сосын қабір жетпіс аршынға кеңейіп, іші нұрға бөленеді. Олар: "Ұйықта!" – дейді. Сонда адам айтады: "Мені қоя беріңдер, осы жайында хабар беруім үшін әйелім мен бала-шағама бір рет барып-қайтуға мұрша беріңдер". Алайда оған "Ұйықта" делінеді. Сосын ол қалыңдығын күткен күйеу жігіт ұқсап ұйықтап қалады. Ол өзінің сүйікті жары оны келіп оятқанға дейін ұйықтап жата береді. Осылайша Қиямет күні келіп, баршамыз қайта тірілгенге дейін жалғасады.

 

         Ал егер қайтыс болған адам мұнафиқ (екіжүзді) болса, қойылған сұрақтарға ол былайша жауап береді: "Адамдар әрдайым бірдеңелерді айтып жүретін, мен олардың сөздерін еститінмін әрі оны қайталайтынмын. Ол сөздердің мағынасын бірақ мен білмеймін". Мұнафиқтың бұл жауабына періштелер: "Сенің осылай дейтініңді біз біліп едік". Сосын мұнафиқ жатқан қабірде мынадай дауыс шығады: "Мына адамның үстіне бастырылып қал!" Қабір сол кезде адамның сүйегі бір-біріне кіріп кеткенше оны қысып тастайды. Ал оның сол қабірде көретін азаптары қайта тірілетін күнге дейін, яғни Қияметке дейін жалғасады.

 

Қайтыс болған адамның денесін қабірге қойғаннан соң, ол адам өзін жерлеп, кейін ол жерден қайтып бара жатқан жақындарының қадам дыбыстарын естіп жатады. Оған мынадай сөздер айтылғанға дейін ол барлық нәрседен хабардар болып жатады

 

Мұхаммед бин Әли былай деген: "Кімде-кім қайтыс болған кезде, оның жер бетінде жасаған ізгі я болмаса жаман амалдары басқа бір кейіпке еніп, оның көзіне көрінеді. Адам өзінің ізгі амалдарына көз алмай қарап тұрады, ал жаман істеріне қарағысы келмей, көзін тарта береді".

 

         Қайтыс болған кісі үшін артында қалған адамдар көбірек дұға жасап, күнәларының кешірілуін тілеу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамды жерлеп болғаннан кейін қабірдің жанына тұрып былай дейтін: «Бауырларыңыз үшін Алладан кешірім тілеп (иманында) тұрақты етуі үшін дұға етіңдер. Еш күмәнсіз ол қазір сұраққа тартылып жатыр».

 

Өлім дегеніміз - адам тірі күнінде жақсы көрген нәрселерінің барлығынан айырылу деген сөз. Өзінің сүйіктілерінен, достарынан және басқа да барша нәрседен алыста болады. Ажалдың келуімен ол осының барлығынан бір мезетте  айырылады. Адам өмірді тек жалғыз дәулет деп түсініп, ғұмыр кешті. Әрі ол өзінде бар нәрселермен өмірге құштар болды. Дүнияу нәрседен басқаны көздері көрмеді. Осындай жағдайда болған адамнан барлық нәрсесі алынада да, оның қарсыластарна беріледі. Оның үстіне адамнан бұл  алынған нәрселерінен басқа, ол жіберіп алған о дүниелік игіліктер мен нәсіптер бар. Осының барлығы адам мен Алла арасында кедергі болмақ. Бұл дегеніміз Алланың рақымшылығынан мақрұм қалу деген сөз.  Ондайда адамның көретіні тек қайғы-қасірет пен рухани күйзеліс болады. Алайда, Раббысын сүйген әрі Онымен жүздесуді сағынышпен күтіп жүрген пенде мына алдамшы өмірден нәпсі арбайтын дүнияуи нәрселерден өзін құтқара алады. Енді бұл адамдар дүнияуа қайғы мен құмарды ысырып қойып, сүйікті Раббыларына қарай тырмысып бақты. Олар барша қауіптерден Оның құтқаратынына сеніп, Алланың рақымы мен игілігін мәңгілікке арттырып, көбейтті.

 

Құл қайтыс болғаннан кейін оны не үлкен жаза, не зор сый тосады. Ақыл иелері өздерін осыған дайындауы керек.

 

Алла Тағала баршамызға екі өмірдің рақатын сыйлап, қабір азабынан сақтап, мәңгілік жәннат бақтарында болуды нәсіп еткей!

 

 

 

Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы

«Тоқа Байғозы» мешітінің имамы Жоламан Яхияев

 

 ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста