Перзенттің ата-ана алдындағы міндеттері

Күллі мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға болсын! Жаратылғандардың абзалы Мұхаммедке (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның отбасы мен сахабаларына және оларға ергендерге қияметке дейін Алла Тағаланың сәлемі мен салауаты жаусын!

Ата-анаға бой ұсыну, оларға құрмет көрсету – Алла Тағала және оның Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балаға міндеттеген ең маңызды істерінің бірі.

Сол үшін халқымызда «Ана алдында — құрмет, ата алдында — қызмет» - деп текке айтылмаған. Бұл – баршамыздың борышымыз.

Алайда қазіргі таңда өз міндетіне селқос қарап, ата-анасына құрмет көрсетпей жүрген жастар қаншама. Қызмет ету былай тұрсын, балалардың ұрысқақ, долы, дөрекілігі әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын азабына айналып, қабақтарынан кірбің кетпеген заман болды. Бірі ата-анасын балағаттап төбелеп жатса, екіншісі әйелінің сөзіне еріп қарттар үйіне тапсырап жатады.

Сондай-ақ, мұсылман ата-анасын кәпірге санап, перзенттік міндетін атқармай жүргендер де баршылық. Бұлардың барлығы перзенттің ата-ана алдындағы парызын білмегендіктен.

Осыған орай әрбір ұл мен қыз ата-анасының алдындағы мынадай міндеттерді білуі тиіс:

1. Ата-ананың қызметінде болу.

а) Оларға бой ұсыну, кішіпейіл болу, жақсылық жасау, дауыс көтермей жақсы сөз сөйлеу, разылығын табу. Алла Тағала былай дейді:

وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚ إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا ﴿23﴾ وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا

«Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік жасауларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «түһ» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле. Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің қанатын жайып: «Раббым! Кішкентайымда мені тәрбиелегені секілді оларға Сен де рахым ет» деп айт»[1].

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ رِضَى الرَّبِّ فِي رِضَى الْوَالِدِ وَسَخَطُ الرَّبِّ فِي سَخَطِ الْوَالِد

Абдулла ибн Ғамрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:«Алланың разылығы әке-шешенің разылығында, ал қаһары әке-шешенің ашуында»[2].

Егер әке-шеше күнә іске бұйырып парыздан тыйып жатса, мұндай кезде бой ұсынбайды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: لا طَاعَةَ لِمَخْلُوقٍ فِي مَعْصِيَةِ الْخَالِقِ «Алланың тиым салған істерінде (күнә істерде) жаратылысқа бой ұсынбайды»[3].

Тағы бір хадисте: إِنَّمَا الطَّاعَةُ فِي الْمَعْرُوفِ "Бой ұсыну тек жақсы істерде (шариғат рұқсат еткен істер аясында) ғана болады"[4],-деген.

ә) Қартайған шағында қажеттерін өтеп, қиын-қыстау сәтінде жанынан табылу.

عَنْ عَمْرِو بْنِ شُعَيْبٍ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّ لِي مَالًا وَوَلَدًا وَإِنَّ وَالِدِي يَحْتَاجُ مَالِي قَالَ أَنْتَ وَمَالُكَ لِوَالِدِكَ

Ғамыр бин Шуғайыб өз әкесінен, әкесі атасынан жеткізген хабарда Алланың елшісіне бір адам келіп: Уа, Алланың Елшісі! Менің мал-мүлкім, бала-шағам бар, бірақ әкем мал-мүлкіме мұқтаж болып жатыр дегенде: «Сен де сенің мал-мүлкің де – әкеңдікі»,-деді[5].

2. Ата-ананың борышын Алла жолында күресу және сүннет амалдарынан бұрын орындау.

أن جاهمة جاء إلى النبي صلى اللَّه عليه وسلم ، فقال : يا رسول اللَّه ، أردت أن أغزو ، وقد جئت أستشيرك ، فقال : هل لك من أم ؟ قال : نعم ، قال : فالزمها فإن الجنة تحت رجليها

Расында Жаһаманың (Алла ол кісіге разы болсын) Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Мен жорыққа аттануды қалаған едім, сізбен ақылдасайын деп тұрмын», - дейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «сенің анаң бар ма?» - деп сұрайды. Ол: «ия, бар»,- дегенде, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда бар да оның қасында бол (оған қызмет ет), өйткені жәннат оның аяғы астында»,- деп айтқаны риуаят етіледі[6].

عن عَبْد اللَّهِ بْن عَمْرٍو رَضِي اللَّه عَنْهمَا يَقُولُ جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَاسْتَأْذَنَهُ فِي الْجِهَادِ فَقَالَ أَحَيٌّ وَالِدَاكَ قَالَ نَعَمْ قَالَ فَفِيهِمَا فَجَاهِدْ

Абдулла бин Ғамырдан (Алла оларға разы болсын) келген хадисте ол былай дейді: «Бір адам Пайғамбарымызға(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Жиһадқа рұқсат беріңіз?» - деді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ата-анаң тірі ме?»-деп сұрағанда, ол: «тірі» деп жауап береді. СондаПайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда сол екеуіне жиһад қыл (қызмет ет)», - деген.

3. Ата-анасына деген мейірімі мен құрметі әйелі, бала-шағасы, достары, мал-мүлкі, байлығы және жұмысынан жоғары тұруы тиіс. Егер ата-ананың тілін алмай басқаларға құлақ асса үлкен қасіретке ұшырайды. Ол жайында Әлиден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер үмметім мына он бес (сипаттағы) істі істесе оларға пәлекет түседі: «...Ер әйеліне бағынып, анасының тілін алмаса, жолдасына жақсылық жасап, әкесін шетке сырып қойса...» - деді»[7].

4. Ата-ананы балағаттамау, лағнеттемеу (қарғамау). Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісіні баласымен бірге көріп, баладан: «Бұл кім?», - деп сұрайды. Ол: «Әкем», - дейді. Сонда ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әкеңнің алдына түсіп жүрме, оны балағаттама, одан бұрын отырма да өз есімімен атама», - дейді[8].

عن أمير المؤمنين علي بن أبي طالب رضي الله تبارك وتعالى عنه أنه قال: قال رسول الله ﷺ لَعَنَ اللَّهُ مَنْ لَعَنَ وَالِدَيْهِ .

Мүміндердің әмірі Әлиден (Алла Тағала оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «ата-анасын қарғағанды Алла қарғайды...» деп айтты» - дейді. [9].

5. Әке-шеше басқа дін өкілі болса да жақсылық жасау. Өйткені ата-ана басқа дінде болғанымен ата-аналық құқыққа ие болып қала береді. Тек Ислам дінінен бас тартуға, Аллаға қарсы үгіт жүргізсе ғана тыңдамауға болады. Алла Тағала былай дейді:

وَإِنْ جَاهَدَاكَ عَلى أَنْ تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَلا تُطِعْهُمَا وَصَاحِبْهُمَا فِي الدُّنْيَا مَعْرُوفًا وَاتَّبِعْ سَبِيلَ مَنْ أَنَابَ إِلَيَّ ثُمَّ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ (١٥)

«Егер ата-анаң сені өзі білмейтін бірдеңені маған теңестіруге зорласа, оған көнбеңдер. (Тек) олармен бұл дүниеде жақсы қарым-қатынаста болыңдар»[10].

عَنْ أَسْمَاء بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِي اللَّه عَنْهمَا قَالَتْ قَدِمَتْ عَلَيَّ أُمِّي وَهِيَ مُشْرِكَةٌ فِي عَهْدِ قُرَيْشٍ ، فقلت : يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّ أُمِّي قَدِمَتْ عَلَيَّ وَهِيَ رَاغِبَةٌ أَفَأَصِلُهَا قَالَ نَعَمْ صِلِيهَا

Әсмәә бинт Әбу Бәкірден (Алла ол екеуінен разы болсын) жеткен хабарда былай дейді: «Анам Қурайш келісімі(яғни, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бен Қурайш арасында бірнеше жылға дейін соғыспау бітімі) кезінде мүшрік сенімінде маған келді. Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анам менімен қарым-қатынас жасауға қызығушылығын танытып келіпті, онымен араласайын ба?» - деп, сұрағанымда, ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «ия, оған жақсылық жаса», - деді[11].

6. Ата-ана марқұм болған соң перзентке жүктелетін амалдар. Мәлик бин Рабиға Әс-Сағиди былай дейді: «Біз Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)жанында отырғанымызда кенеттен Бәни Сәламалық бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Әке-шешем өлгеннен кейін де оларға істейтін жақсы амал бар ма?» - деп сұрағанда, ол (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ия, олардың атынан намаз оқу (дұға ету), кешірім сұрау (жарылқау тілеу), (өлгеннен кейін) өсиетін орындау, ол екеуі ғана қарым-қатынас жасайтын туыстарымен араласу, жора-жолдастарын құрметтеу», - деп жауап берді[12].

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген сөз бар. Ата-анаға қатыгездік жасаған адам екі дүниеде де оңбайды. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Дегенмен, өзінің перзенттік борышын түсінбейтін, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, ата-ана алдындағы аманатты сезбейтіндер бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Қазақтың заңғар жазушысы Ғабиден Мұстафин: «Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» деген. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, имандылық пен инабаттылыққа ұмтылып, бірінші Алланың ал­дын­да, со­нан-соң ата-ананың ал­дын­да адалдығынан айнымай өмір сүрсе, ата-ана­лар жы­ла­мас еді, олардың қадірі де кетпеген болар еді. Сондықтан, ұрпағымызды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейік.

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі

fatua.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста