ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) ҚОЙЫЛҒАН ҮШ СҰРАҚ

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндетін алғаш бастаған кезде-ақ меккеліктердің тарапынан көптеген қарсылықтарға жолығады. Мүшріктер бір ғана Құдайға құлышылық етуі қабылдай алмаған еді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuslim.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар олар Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың елшісі деп мойындаудан түбегейлі бас тартады. Осылайша олар әз елшіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның соңынан ергендерге сөзбен болсын, іспен болсын, қолдарынан келгенше қастық қылып бағады.  

 

Бірде меккелік пұтқа табынушылар Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) масқаралап, тығырыққа тірейміз деген оймен сұрақ жолдамақшы болады. Ол үшін Назар бин Харис және Укбат бин Әби Муита атты екі шабарманды жасақтап Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы Мәдинада тұратын яһудейлік Әһлі кітап ғалымдарынан пайғамбардың келуі жайында хабар алдырмақ болады. Меккеліктер екеуіне Мұхаммедтті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сипаттап, оның қасиеттерін, қандай дінге шақырып жатқанын жеткізіп, оған жалпылама баға беруді сұрап келуді тапсырады. 

 

Маңызды тапсырма алған екі шабарман Мәдинаға аттанады. Келе сала яһудей ғалымды тапқан олар Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы баяндап:

 

«Сендер нағыз Кітап иелері болғандықтан тайпалас туысымыз жайлы көбірек білу үшін сендерге келіп отырмыз»,- дейді.

 

Сонда яһудейлер:

 

«Оған мына үш сұрақты қойыңдар. Егер ол шынайы пайғамбар болса, барлығына жауап береді. Егер жауап бере алмай қалса, өзін-өзі танытқысы келіп жүрген біреу болғаны, оған не істеймін десеңдер өз еркілерің»,- дейді.

 

«Біріншіден, таңғажайып тарихы бар, таңсәріде жолға шыққан бозбалалар жайлы әрі олардың мақсаты жайлы сұраңдар.

 

Екіншіден, билігі шығыстан батысқа дейін жеткен адам жайлы сұраңдар.

 

Одан соң Рух жайлы әрі оның кім екендігі жайында сұраңдар»,- дейді.

 

Сонымен қатар, меккеліктерге егер Мұхаммед осы сұрақтарға жауап берер болса, шынайы пайғамбар деп қабылдап, оның соңынан еруді өсиет етеді.

 

Назар бин Хариса мен Укбат бин әби Муита Меккеге келіп, болған жайтты құрайыштықтарға жайып салады.

 

Артынша меккелік мүшріктер әз Елшіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп яһудей үйреткен сұрақтарды қояды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ертең келіңдер, жауап беремін»,- деп оларды қайтарып жібереді.

 

Алайда Жаратушыдан келетін уахи он бес күнге кешігеді. Сол кезде меккеліктер «жауабын ертең беремін деп еді, он бес күн өтті әлі жоқ» деп қуана жеңістерін тойлауды бастап кеткен еді. Әз Елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты қапаланып жүрген күндердің күнінде Жебірейіл періште уахи алып келеді. Бұл уахи: «Қандай да бір іске бел буғаныңда, «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», - деп айтушы болма»,- деп Пайғамбарға ескерту ретінде келеді.

 

Уахи етілген аяттарда Алла Тағала яһудейдің сұрағындағы үңгір иелері (Асхабул кахф) жайлы, Зұлқарнайын пайғамбар мен рух жайлы жауаптар жібереді.

 

Бірінші сұрақтың жауабы «Кәһф» сүресінің 9-аяты болды: «Сонда сен Біздің бірінен-бірі асатын аяттарымыздың (айқын дәлелдеріміздің) арасынан тек «Асхабу кәһф» (үңгір иелері) және Рақимды (үңгір иелерінің есімдері жазылған тас тақтаны) ғана ең таңғажайып аят деп ойладың ба?»

 

Ал екінші сұрақтың жауабы осы сүренің 83-85-аяттары болды: «Олар сенен Зұлқарнайын жайлы сұрайды. Оларға: «Сендерге ол жайлы да ғибратты әңгіме айтып берейін»,- де. Расында, біз оған жер бетінде тегеурінді зор билік нәсіп еттік әрі діттеген мақсатына жетуіне септігін тигізетін (ақыл-парасат, ілім, күш-қуат, байлық әрі билік сынды) әр алуан мүмкіндіктер бердік. Сөйтіп, ол күндердің күнінде жасағын бастап, (батысқа қарай) жол тартты (жорыққа аттанды)».

 

Үшінші сұрақтың жауабы уахи етілген «Исра» сүресінің 85- аятында болды. Ол жерде Алла Тағала мүшріктерге:

 

«Сондай-ақ олар сенен Рух жайлы сұрайды. Оларға: «Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл жайлы сендерге тым аз ілім берілген»,- деп айт»,- деген жауапты уахи етеді.

 

Осы уахидан кейін меккелік мүшріктер ешқандай қарсы жауап қайтара алмай қалады. Алайда Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығын қабылдауға олардың тәкаппарлықтары жібермеді…

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста