Пайғамбардың (с.ғ.с.) оққағары кім болған?

Өмірде патшалар мен сұлтандар, дәулетті адамдар өмірінің кауіпсіздігі үшін арнайы оққағарлар мен күзетшілерді ұстайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Ал пайғамбар (с.ғ.с.) мұндай күзет ұстамады. Әуелгіде пайғамбарды (с.ғ.с.) түн мезгілінде сақшылар күзететін еді. Кейін Алла пайғамбарға (с.ғ.с.) оның өмір сүру қауіпсіздігіне уәде берген аятын түсіргеннен кейін, түнгі күзетті мүлдем алып тастайды.

 

Бұл жайында Айша анамыздың (Алла оған разы болсын):

 

«Сақшылар пайғамбарды түн мезгілінде қоритын еді. Кейін Алла оның өміріне кепілдеме берген аятын түсіргеннен кейін күзетті таратып: «Уа, халайық! Алла менің өмірімді Өзінің қамқорлығына алды. Үйлеріңе барыңыздар» деп дауыстады», – деген хадисін имам Термези мен Хаким риуаят қылған.

 

Расында да Алла пайғамбарды (с.ғ.с.) бірнеше мәрте ажал ауызынан арашалап қалады.

 

Сондай оқиғалардың бірі жайында Жәбир:

 

«Біз Алланың елшісімен бірге сапарға шыққан едік. Үлкен ағаштың көлеңкесіне аздап дем алу үшін тоқтадық. Қылышын ағашқа іліп, көлеңкеде пайғамбардың (с.ғ.с.) жалғыз өзі қалған сәтте дұшпандардың бірі жасырын келеді де оның қылышын ұстап алып:

 

– Менен қорқып бойыңды үрей биледі ме? – деп нәбиден сұрайды.

 

Ол кісі:

 

– Жоқ, сенен қорқып тұрғаным жоқ, – деп жауап қатады. Жауапқа аң-таң қалған дұшпан:

 

– Менен не себепті қорықпай тұрсың? – деп тағы сұрайды.

 

Пайғамбар:

 

– Мені демеп тұрған Алланың күші. Қолыңдағы қылышты таста! – деп өктемділікпен әмір қылады. Әлгі дұшпан қолындағы қылышын тастай салды, – деп риуаят қылған (Мүслим).

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста