Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мына сөздерді амалға асыру үшін немесе мұнымен амал жасайтындарға үйрету үшін кім алады?»-деп сұрады:
Әбу Һурайра:
-Әй, Аллаһтың Елшісі! Мен дедім. Сосын ол менің қолымнан ұстап тұрып мына бес нәрсені санады:
1.Арам нәрселерден сақтан, адамдардың ішінде ең көп құлшылық ететіндердің бірі боласың.
2.Алланың саған берген нәрселеріне разы бол, адамдардың (көңіл тұрғысынан) байы боласың.
3.Көршіңе жақсылық жаса, нағыз мұсылман боласың.
4.Өзіңнің жақсы көрген нәрселеріңді өзге адамдар үшін де жақсы көрер болсаң шынайы мұсылман боласың.
5.Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді қатайтады.(Тирмизи, Зуһд 2).
www.asylarna.kz/
(Тақырыбы өзгертілген)