Оразаның соңғы 10 күнінде орындалатын сауабы көп амалдар

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы оразаның соңғы 10 күнін барынша сауапқа қол жеткізіп, сол күндердің берекесін жыл бойы сақтап қалудың бірнеше жолын ұсынады.

Рамазанның бұл күндері барлық дұға тілек қабыл болатындықтан мына амалдарды жасаған жөн:

– Ізгі амалдар жасауға ниет ету

– Құран кәрімді толық оқып шығу;

– уақыттың көп бөлігін құлшылықпен өткізу;

– мейлінше көп жақсылық жасау, садақаны көбейту;

– күнделікті ізгі амалдардың санын арттыру.

Бұл істеріміз арқылы Жаратушымызға одан сайын жақындай түсеміз.

Ізгі амалдар жасауға ұмтылыңыз

Тура жол әрі жүректерге шипа болған Құран түскен Рамазанның соңғы 10 күнінде Пайғамбарымыздың өзі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аса ыждағаттылықпен құлшылық қылған. Соңғы он күндікте ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзін түгелімен Аллаға құлшылық етуге арнайтын. Әрине, Алла Елшісінің ғибадаты қай кезде де ерекше, ынта мен ықыласқа толы еді. Әйтсе де Рамазан айындағы ғибадаттың аса маңыздылығы үшін, әсіресе соңғы он күндіктің аса қадірлі болуы себепті, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметіне үлгі болды. Айшадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға қайтқанға дейін Рамазанның соңғы ондығында иғтикафта (оңашалануда) отыратын, сосын оның әйелдері Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), дүние салғаннан кейін иғтикафқа отыратын болды», – делінеді. (Бұхари) Яғни, бірінші қадам – он күнді әлемдердің Раббысына арнауға ниет ету.

Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаянын қайталаңыз

Рамазанның соңғы он күнінде сіз жасау керек тағы бір ізгі амалдың бірі – Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын қайталаңыз. Оның Алла жолында көрген қиындықтары мен біздің бақытты өміріміз үшін жасаған ерліктері, құрбандықтары, сахабалардың құлшылықтары сізді өз құлшылығыңызда өсуге итермелейді. Исламның құндылығын онан сайын түсіне бастайсыз. Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) махаббатыңыз, құрметіңіз арта түседі. Құранға деген құлшынысыңызды оятып, кейбір аяттарды тереңірек түсінетін боласыз.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы бөлігінің түнін құлшылықпен өткізуінің тағы бір себебі: тақ түндерінде Қадір түнін іздеу еді. Себебі: «Қадір түнін шын иман келтірген әрі сауаптан үміттенген халде өткізген пенденің бұрын істелген күнәлары кешіріледі» (Әбу Һурайрадан Муслим риуаят еткен).

Құранмен дос болыңыз

Алла Тағала бұйырады: «Рамазан айы – адамдарға жол көрсетуші, һидаятты түсіндіруші және (хақ пен жалғанды) ажыратушы етіп Құран түсірілген ай. Олай болса, Рамазан айын көргендер оразаларын өтесін…» («Бақара» сүресі, 185-аят). Хафиз Ибн Ражаб: «Рамазан айында түнгі намаздарды оқығанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды ырғақтап оқитын және мейірім туралы аят оқыса, оны тілейтін, азап туралы аят оқыса, одан Аллаға сиынып, пана сұрайтын. Осылайша ол намаз бен Құранды, дұға мен зікірді бірге жинаған! Бұл Рамазан айының соңғы он түнінде және басқа түндері жасалатын ең жақсы әрі ең кемел іс болып табылады», ‒ дейді. («Ләтаифул-мә’ариф» 204).

Құран мен Сүннетте келетін дұғаларды жинақтаңыз.  Хафиз Ибн Ражаб: «Суфьян әс-Саури: «Қадір түні дұға ету мен үшін намаз оқудан да сүйіктірек», ‒ дейтін. Суфьянның айтпақшы болғаны: «Көп дұға ету ‒ дұғасы жиі айтылмайтын намаздан артық» деген екен. Айша анамыздың (Алла оған разы болсын)  Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрағаны риуаят етіледі. Бұған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ия, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр! /Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни/» ‒ деп айт», ‒ деп жауап берген (әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким).

Құранды аяқтасаңыз дұға жасаңыз! Соңғы 10 күнде Құран оқуды аяқтайсыз. Тіпті, күн сайын мешітке барып жүрген болсаңыз, тарауық намазында имамдардың да Құранды толықтай оқып шыққандығын байқайсыз. Ал адам Құранды оқып болғаннан кейін дұға жасаса, қабыл болады. Отбасы мүшелерімен, жақын адамдарыңызбен бірге дұға жасауға тырысыңыз.

Құлшылық уақытын ауыстырып отырыңыз

Күнделікті әдетке айналдырмаған адамға түні бойы құлшылық жасап, ұйықтамай отыру оңайға соқпайды. Осындайда мынадай әдіс ұсынар едік.  Егер құлшынысыңыз азайып, ұйқы қыса бастаса құлшылығыңызды ауыстырып отырыңыз. Мәселен, Құран оқып отырсыз, ұйқы келе бастаса намаз оқыңыз немесе уағыз тыңдаңыз, бауырларыңызға насихат айтыңыз, одан кейін дұғаға, зікірге ауысыңыз. Осылайша, түнді ұйықтамауға және әр түрлі амалдар жасап, сауапқа кенелуге болады.

«Рамазанда төрт істі көбейтіңдер»

«Рамазанда төрт істі көбейтіңдер. Оның екеуімен Раббыларыңды разы етсеңдер, екеуі сендерге міндетті. Раббыларыңды разы ететін екі іс: «Хақ Тағаладан өзге тәңір жоқ», – деп куәлік ету және көп истиғфар айту,яғни, күнәсі үшін Хақ Тағаладан кешірім сұрау. Істелуі міндетті болған екі амал: Хақ Тағаладан Жәннатқа кіргізуін сұрап, тозақтан пана тілеу. Ораза ұстағанға су бергенді Хақ Тағала Қиямет күні менің хауызымнан сусындатады. Кейін ол жәннатқа кіруге дейін шөлдемейді», – деді» (Имам Ибн Ән-Нәжжәр риуаят еткен).

Осы жерде бұл хадисті келтірудегі мақсат: назарыңызды Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазанда төрт істі көбейтіңдер. Оның екеуімен Раббыларыңды разы етсеңдер, екеуі сендерге міндетті. Раббыларыңды разы ететін екі іс: «Хақ Тағаладан өзге тәңір жоқ»,-деп куәлік ету және көп истиғфар айту. Істелуі міндетті болған екі амал: Хақ Тағаладан Жәннатқа кіргізуін сұрап, тозақтан пана тілеу», – деген сөзіне аудару.

Иғтикаф жасауға ұмтылыңыз

«Иғтикаф» – бір жерде тұру, күту және өзін сол жерге қамау деген сөз. Фиқһ термині ретінде мешітте немесе соған ұқсас бір жерде иғтикаф ниетімен белгілі бір уақыт тұруды білдіреді. Айша, ибн Омар, Әнес­тің риуаят­та­рын­да бы­лай дейді: «Алла Ел­ші­сі Мә­ди­на­ға кел­ген­нен кейін көз жұм­ған­ға дейін Ра­ма­зан­ның ақыр­ғы он кү­нін иғ­ти­каф­пен өт­кі­зе­тін («Бақара», 2/125)

Иғ­ти­каф­тың мақ­са­ты – адам­ның оңа­ша қа­лып шы­найы ықы­лас­пен Аллаға бет бұ­ру, оған жа­қын­дауға ты­ры­суы. Мұ­ның ең аз мер­зі­мі – бір күн. Иғ­ти­каф ме­шіт­те не­ме­се со­ған ұқ­сас жер­де бо­луы ке­рек. Жа­ма­ғат­пен на­маз оқы­ла­тын ме­шіт­те бо­ла­ды. Аб­дул­лаһ ибн Мас­ғуд бы­лай дейді «Иғ­ти­каф – жа­ма­ғат­пен на­маз оқы­ла­тын жер­де ға­на жа­са­ла­ды». Әйел­дер бол­са өз үйле­рі­нің бір бөлме­сін ме­шіт етіп, сол жер­де жа­сай ала­ды. Де­ген­мен, олар­ға ме­шіт­те жасауға да бо­ла­ды.

Иғтикафтың дәлелі мына Құран аяты: «Сендер мешітте иғтикафта отырған кездеріңде (түн уақытында да) әйелдеріңе жақындамаңдар!»  «Бақара» 2/187. Иғтикаф тек жамағатпен намаз оқитын жерлерде жасалатын құлышылық түрі. Әйелдер өз үйлерінде намаз оқуға арналған бөлмелерінде иғтикафқа кіре алады.

Қадір түнін құлшылықпен қарсы алыңыз

Уақыт – адамның ең баға жетпес байлығы. Оның кейбір мезгілдері Алланың мейірімі, кешірімі және кеңшілігі кемерінен толып таситын маусым саналады. Сол маусымдардың ең берекелісі, әрине қасиетті Рамазан айы екендігінде ешкімнің дауы болмас. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл айдың құндылығы мен берекетін ескере отырып, Шағбан айының соңғы күндерінде былай деген екен: «Ей, мұсылмандар! Ұлы әрі мүбәрак айдың көлеңкесі төбелеріңе жақындап келді. Ол ішінде «мың айдан да қайырлы Қадір түні» бар ай.

Қадыр түнінің  ұлылығы мен маңыздылығы, қадірі мен қасиеті жеке бір сүре ретінде арналуы арқылы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сансыз көп хадистері арқылы сүйіншіленген. Ұлы Раббымыз Бұл түннің қасиетін былай суреттейді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түнінде түсірдік. Алайда, Қадір түні не екендігін саған білу қайда? Қадыр түні мың айдан да қайырлы! Ол түнде Раббысының әмірімен періштелер және Рух жер бетіне түсіп жатады. Ол түн – барлық істе есендік түні, ол таң қылаң бергенше жалғасады» («Қадір» сүресі). Қадір түні – Құранның жер бетіне түсіріле бастауымен нұрланған кеш. Періштелердің келуімен нұрланған кеш. Раббымыздың есендігі таратылған кеш. Раббысына жүзін бұрғандарға иләһи мейірім нөсерлетіп жауған кеш. Қадыр түнінің осы ерекшелігінің себебінен Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны Рамазан түндері арасынан арнайы іздеген және үмбетіне де іздеуді бұйырған. Қадір түнінің кешіне аман-есен жетіп, құлшылығы мен ықыласы сол түнге сай келген адамның бағы бес елі. Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Қадір түнін Аллаға иман келтірген және сауабынан үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, оның алдынғы күнәлары кешіріледі», ‒ деген (Бұхари 38, Муслим 760). Яғни, күнәлардың кешірілетін айында және күнәлардың кешірілу нығметіне толы қасиетті түнде көбірек дұға жасауға, құлшылығымызды арттыруға тырысуымыз керек. Күнә жасауда емес, Аллаға көбірек құлшылық жасауда, адамдарға жақсылық жасауда жарысуымыз керек.

Міне, бұл Рамазанның соңғы он күнінде мұсылманға қажет кейбір тұстар ғана. Бастысы, ұмтылыңыз, Алла Тағала ықыласты болған амалдың сыйын міндетті түрде береді. Алла баршаңызға сүйген құлдарының қатарынан болуға жазсын! Осы бір мүбәрак айдағы құлшылығымыз бен қайырымдылығымыздың сауабы молая түссін!

Дереккөз ҚМДБ сайтынан алынды 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста