Бір ерекшелігі, мұның сауабын Алла Өзі береді әрі оның есебі белгісіз. Шынайы ықыласпен тұтылған ораза үшін Раббымыз шексіз сауаптар жазып, күнәларын кешіріп, әр-Раййан қақпасынан кіргізеді.
Жәннаттағы «әр-Раййан» қақпасы тек ораза тұтушылар үшін. Сәһл арқылы жеткен хабарда пайғамбар: «Расында, жәннатта «әр-Раййан» деп аталатын қақпа бар, одан Қиямет күні ораза тұтушылар кіреді және одан олардан өзге ешкім де кірмейді. «Ораза тұтқандар қайда?»,-делінеді де, орындарынан тұрып, одан олардан басқа ешкім де кірмейді. Олар кірген соң (әр-Раййан қақпасы) жабылып, ол қақпадан басқа ешкім кірмейді»,-деген. «Әр-Раййан» деген сөз «Ылғал, сусын» деген мағына береді. Бұл қақпаны неліктен осылай атаған дегенге ғұламалар: «Адам баласы тамақтан гөрі суға қатты зәру келеді. Денесінің ылғалдығы азайып, сәл тер шықса, аузы кеуіп, сусап, қурап қала жаздайды. Су аңсаған адам ешнәрсеге қызықпайды да бар арманы бір тамшы су жұту болады. Ал қарны аш адам бір затпен алданса болғаны, қарны ашқанын ұмытып кетеді. Ұлы Раббымыз Өзінің пенделерінің хал-ахуалын толық Білуші. Бұл дүниеде ораза ұстап, ауыз бекіткенде қатты аңсағаны су болуы себепті жәннаттың қақпасын да «Дымқыл, ылғал, сусын», - деп атаған», - деп жауап берген. Бұл «әр-Раййан» қақпасы тек ауыз бекітушілерге лайық.
Әбу Сағид әл-Худри арқылы жеткен хабарда: «Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла оның жүзін тозақтан жетпіс жылға алыстатады», делінген. Демек, оразаға қойылатын шарт – ол Алла жолында болу керек. Ал Алла ризалығынан өзге мақсатпен тұтылған ораза мұндай сауапқа жеткізбейді. Сол үшін ескертіп айтарымыз, денсаулығым, ата-бабамның жолы деп емес, Алла бұйырды, Алла ризалығы үшін деп ниеттеніңіздер.
Әбу Умәмә арқылы жеткен хадисте: «Ораза тұт, себебі оған тең келер ешнәрсе жоқ. Сәжде жаса, себебі Аллаға жасаған әрбір сәждең үшін Алла бір мәртебе дәрежеңді көтеріп, бір қателігіңді өшіреді»,-делінген. Бұл хадис арқылы оразаның маңызы мен сәжденің артықшылығын байқаймыз.
Абдулла ибн Амр арқылы жеткен хадисте: «Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағатшы болады. Ораза тұрып: «Раббым! Тағам мен шаһуаттынан тыйдым, мені ол үшін шапағатшы ете гөр»,-дейді, Құран болса: «Түнгі ұйқысынан бөлдім, мені ол үшін шапағатшы ете гөр»,-дейді. Сөйтіп екеуі шапағатшы болады»,-делінген. Ғұламалар осы хадиске түсіндірме жасап: «Егер осы екеуін шынайы ықыласпен атқарса, Құранды көрсету үшін, ақша алу үшін, сәндену үшін емес, Алла ризалығы үшін, ойлану үшін, түннің қараңғысында ұйқысын бөліп оқитын болса және оразасын шын ниетімен оқыса, Құран мен ораза шапағатшы болып, оның күнәлары кешіріліп, жәннатқа кіреді», – деген.
Оразаның сауабы қандай?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора