Оразаның қазасын айт кезінде өтеуге болмайды дегенді естіп едім. Осы рас па?
Маржан, Теміртау қаласы
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:
Ханафи мәзһабы бойынша рамазан айынан қалған қарыздарды өтеу уақыты шектелмеген. Тек ораза айтының бірінші күні мен құрбан айттың барлық күндері өтемейді. Олай болған себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бірнеше хадисінде Рамазан айтының бірінші күні ораза ұстаудан тыйғандығы айтылады. Атап айтсақ «Сахих Бухариде» риуаят етілген хадисте сахаба Әбу Сағид: «Алланың Елшісі ораза айты мен құрбан айтында ораза ұстаудан тыйды ...», - дейді. Ендеше осы оразадан қалған қарызды айттың екінші күнінен бастап ұстай берсеңіз болады. Айттың бірінші күні қандай да бір ораза ұстау – мәкрүһ, харамға жақын. Оның мәні мынада болса керек: отыз күн Алла разылығы үшін ішіп, жеуден өзін тыйған кісінің айт күні қуанышқа бөленетін күні. Отыз күн бойы оразасынан кейінгі үлкен бір «ауыз ашары» іспетті. Сондықтан, оны «Ғидуль Фитр» яғни «Ауыз ашар мейрамы» деп те атаған.
Оразаның қазасын айт кезінде өтеуге бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора