Ораза ұстаған адам неден тыйылуы керек

Ораза ұстаған адам неден тыйылуы керек

 Рамазан – барша мұсылман үшін қасиетті де берекелі ай. Адамды жаман ойлар мен жаман әрекеттерден тыятын ораза да осы айда ұсталады. Мың айдан да қайырлы Қадір түнін де жамағат Рамазан айында күтеді.
Оразаның пайдасы
Рамазан – таңнан кеш батқанға дейін тек жеп-ішуден ғана емес, күнә атаулыдан, жамандықтан тыйылу айы. Әсілі, күні бойы аш жүріп ораза ұстау қиын емес. Ең қиыны он екі мүшемізге ораза ұстау. Хадисте: «Кімде-кім жаман сөзі мен жаман іс-әрекеттен тыйылмаса, оның тамақ жеуден және сусын ішуден тыйылғаны Алла Тағалаға ешбір керегі жоқ», деген. Демек, дене-мүшемізді теріс іс-әрекеттен аулақ ұстау – ораза талаптарының бірі.
Оразаның адам баласына берер пайдасы өте зор. Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі».
Ең алдымен, отыз күн ораза адамның мінез-құлығын түзейді. Рамазан айындағы ораза көзді харамға қараудан, тілді өтірік пен өсек-аяң айтудан, құлақты харам дүниелерді тыңдаудан, асқазанды харам тамақ жеуден, қол мен аяқты жаман іске барудан қорғайды. Ораза үнемі Алланы есімізге салып тұрады, жауапкершілік сезімін арттырады.
Ораза адамды мейірімді және қайырымды болуға, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үйретеді. Дәулетті адам ораза ұстаса, аштықтың не екенін түсінеді. Тұрмысы нашар кедей-кепшіктің қиыншылығын әлдеқайда жақсы сезінеді, оларға мейірімі оянып, жәрдемдеседі. Аллаға көбірек шүкіршілік етуді үйренеді.
Бұдан бөлек, ораза ұстау адамның денсаулығын жақсартады. Денедегі асқорыту мүшелері оразаның арқасында тазарып, демалады. Рамазаннан кейін жақсы жұмыс істейді. Ғалымдар оразаның денсаулық тұрғысынан адам ағзасына пайдалы екенін анықтаған.
Ораза адамды сабырлы болуға үйретеді. Өзін ішіп-жеуден бас тартуға үйреткен адам өмірінде кездесетін ауыртпалықтар мен қиыншылықтарға сабыр етіп, төзе біледі. Қайғы-қасіретке де төтеп бере алады.
Оразаға қалай ниет етіледі
Ораза толық болуы үшін ниет ету – шарт. Ниетсіз ораза қабыл болмайды.
Негізінде оразаға сәресіден кейін ниет етіледі. Бірақ сәресіге тұра алмаған адам оянған кезде күн шығып кетсе, күн арқан бойы көтерілгенге дейін сол күннің оразасына ниет етсе болады. Тек таң атқаннан (сәресінің уақыты басталғаннан) кейін оразаны бұзатындай нәрсе жасамауы керек.
Ниет негізінде жүрекпен жасалады. Яғни түнде ертең ораза ұстайтыны жайында ойлаған адам ниет еткен болып есептеледі.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген. Сәресі адамға күш береді. Дұға қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілегін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек.
Оразаны не бұзады
Ораза ұстағанын біле тұра жеп-ішу (қоректік зат немесе дәрі болсын), жыныстық қатынасқа түсу, шылым шегу оразаны бұзады.
Рамазан айында ниет етіп, ораза бастаған адам ешқандай себепсіз біле тұра ішіп-жесе, жыныстық қатынаста болса, оразасы бұзылады. Мұндай жағдайда ол бұзылған оразаның қазасын өтейді біле тұра себепсіз оразасын бұзғаны үшін кәффарат оразасын ұстауы қажет.
Кәффарат – бұзылған оразаның бір күніне екі ай немесе алпыс күн қатарынан ораза ұстау.

Sputnik.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста