Жалпы ораза кезінде ауыз ашқаннан соң ерлі-зайыптыларға жақындасуға бола ма? Оның үстіне ораза кезінде күндіз әйеліммен жақындасып қойдым. Енді бір күнім қаза болды ма? Оны қалай өтесем болады?
Санжар, Ақтөбе қаласы
Рамазанда күндізгі уақытта жақындасып қойған ерлі- зайыптылардың оразасы бұзылады. Оны өтеу үшін екі ай толық ораза ұстайды. Ал егер оған шамасы жетпесе 60 міскінді тамақтандырады. Егер ұмытып жақындасып қойған болса, ораза бұзылған болып саналмайды. Ораза екендігі еске түскен сәтте тоқтату қажет. Ал ауыз ашқан соң ерлі-зайыптылар жақындасуына бола ма деген сұраққа келетін болсақ, әрине болады. Өйткені қасиетті Құранда: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер». Тіпті ораза кезінде әйелімді (күйеуімді) құшақтап сүйсем бола ма деген сұрақтар жиі қойылып жатады. Реті келгенде оны да айта кетейік, Айша анамыз (ол кісіге Алла разы болсын) былай деген: «Ораза кезінде Пайғамбар өзінің жарларын құшақтап, сүйетін еді, алайда ол өз-өзін сендердің кез келгендеріңнен мықты ұстайтын».
Ораза кезінде ерлі-зайыптылар жақындасуына бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора