Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?

Менің сұрайын дегенім, ораза кезінде аузы берік адам байқамай су жұтып қойса не істейді, оразасын жалғастыра ма, әлде қаза қылу керек пе?
Айдос, Қарағанды қаласы
Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкері Абдусамат Қасым жауап береді:

Ханафи мәзһабы бойынша, Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы керек. «Абайсызда» дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса, таң атпады екен деп сәресін жеуді тоқтатпаса т.б. Ал «әдейі» дегеніміз ораза екенін біле тұра әдейі су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу т.б. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...», - дейді. Бірақ, кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң бірінші жағдайда (абайсызда бұзу) тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал екінші жағдайда (әдейі бұзу) екі ай кәффарат оразасын ұстайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста