ОН БЕС МӘСЕЛЕНІҢ ОН БЕС ШЕШІМІ

ОН БЕС МӘСЕЛЕНІҢ ОН БЕС ШЕШІМІ

Бұл өмірде қиындықсыз, сынақсыз жаратылған пенде жоқ. Барлығымыздың басымызда түрлі сынақтар бар. Алла Тағала әр адамға өзі көтере алатын ғана қиындық береді. Әлбетте сол қиындықтардың артынан жеңілдіктер мен жақсылықтар да келетінін ұмытпайық. Өмірде шешілмейтін мәселе жоқ, барлық мәселеніңөз шешімі бар. Тек сабыр сақтап, дұға жасап, Аллаға тәуекел ету арқылы сол қиындықтарды жеңуге болады. Әр нәрсенің жауабы Аланың кәләмі қасиетті Құранда анық жазылған. Сол бірнеше мәселенің жауабын Құран аяттарынан іздеп көруді жөн көрдік. Ешқашан Алладан күдер үзбеңіз, Алла біздерге өте жақын. Ол аса Ұлы, Білуші, Естуші, Көруші.

 

1. Мұңайып жүрсіз бе?

«Тәубе» сүресі», 51-52 – аяттар: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәһиттік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздіңқолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, біз де сендермен бірге тосайық» де».

 

2. Депрессияға түстіңіз бе?

«Рағд» сүресі, 28–аят: « Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады».

 

3. Қателестіңіз бе?

«Юнус» сүресі, 85–аят: «Олар: «Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді залым елмен сынама» деді».

 

4. Қиындыққа тап болдыңыз ба?

«Инширах» сүресі, 5-8 – аяттар: « Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар. Ендеше босай қалсаң және тырыс. Раббыңа ғана бел байла».

 

5. Сізді бағаламады ма?

«Инсан» сүресі, 22–аят: «Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды».

 

6. Бақсытсызсыз ба?

«Ибраһим» сүресі, 34–аят: «Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз».

 

7. Жолыңыз болмай жүр ме?

«Юсуф» сүресі, 87–аят: «Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсуфты және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді…».

 

8. Денсаулығыңызды уайымдайсыз ба?

«Нахл» сүресі, 69–аят: «Содан соң, әр түрлі өсімдіктен же де, Раббыңныңқолайластырған жолына түс! Араныңқарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қауым үшін ғибрат бар».

 

9. Бұл өмірде көп нәрсені қалайсыз ба?

«Зарият» сүресі 15-18 – аяттар: «Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады. Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді. Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді».

 

10. Жақын дос табуды қалайсыз ба?

«Тәубе» сүресі, 119–аят: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар».

 

11. Күнә жасадыңыз ба?

«Зумәр» сүресі, 53–аят: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртүтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де».

 

12. Тыныштықты қалайсыз ба?

«Мәида» сүресі, 16–аят: «Алла Тағала кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады». +

 

13. Өкініп жүрсіз бе?

«Ниса» сүресі, 110–аят: «Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдыққылса да, содан кейін Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді».

 

14. Ата-аныңызға жәннатты қалайсыз ба?

«Ибраһим» сүресі, 41–аят: «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!», – (деді)».

 

15. Өзіңізге жәннатты қалайсыз ба?

«Аср» сүресі, 1-3 – аяттар: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды».

 

Лаура Алмаханова

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста