Өлген кісінің жаназасы шығарылмай жерленген жағдайда, оның жаназасын қабіріне барып оқиды. Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) Үмму Михжан есімді қара нәсілді әйелдің жаназасын қабіріне барып оқыған екен[1].
Алайда, ғұламаларымыз мұны (жаназасын қабірде оқуды): «денесі бұзыла бастаған уақытқа шейін» деп шектеген. Бұзылу уақыты ауа-райының ыстық-суығына қарай және мәйіттің толық не арық болғанына қарай өзгеруі мүмкін[2]. Жерленгеннен соң денесі бұзылатындай уақыт өткен болса, жаназасы оқылмайды.
Ғайып жаназаға келер болсақ (басқа өлкедегі өлген кісінің артынан жаназасын оқу), Ханафи мәзхабында ғайып жаназа оқылмайды. Малики мәзхабында да солай[3].