ӨМІР ДЕГЕНІМІЗ ҮШ-АҚ КҮН
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұрагерлері саналған ғалымдард тіпті өмірдің арқауы болған ас ішу кезінде де уақытты үнемдеп, қою тамақтың орнына сұйық тамақ ішкен. Дәуіт Ат Таий қою тамақ жеу мен сұйық тамақ ішудің арасындағы айырмашылықты есептеп, сұйық тамақ ішу арқылы үнемдеген мезгілде елу аят оқуға болатындығын айтқан.
 
Атақты сахаба Ибн Масғут (р.а.) былай деген: «Ақылды адам уақытын үшке бөледі: бірінші Жаратқанға, екінші істеген амалдарының есебіне, үшінші бөлігін адал жолмен нәпақа табуға».
 
Ал Хасан Басри: «Уақыт &ndash өмірдің нақ өзі», &ndash дейді.
 
Хз. Иса: «Өмір дегеніміз үш күн: бірінші күн &ndash кеше. Ол өтіп кетті. Оны енді қайтару мүмкін емес, қолымызда ештеңе жоқ. Екінші күн &ndash бүгін. Осы шақ, бұны үлкен олжа деп біл, өте жақсы қолдан. Үшінші күн &ndash ертең. Келешекте ол көмескі, оған жетуіміз екі талай», &ndash дейді.
 
Исламдағы қасиетті айлар, күндер, тілектердің қабыл болатын сағаттары, құлшылықтың мезгілдері &ndash бәрі де уақытпен тікелей әрі тығыз байланысты. Күнделікті бес уақыт намаз белгілі аралықпен бекітіліп, мұсылман өміріндегі уақытты қолдану тәсіліне баулиды. Ол мұсылманның әрбір ісі жоспарлы мерзіммен бекітілген. Түнгі намазда түнді тиімді түрде пайдаланудың артықшылығы жатыр. Бес уақыт намаз оқитын кісі түске дейін теңкиіп ұйықтап жатпайды, ерте тұрады.
 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тәңірім! Үмбетім үшін таң сәрінің ерте уақыттарын берекелі қыл», &ndash деп тілеген (Әбудәуіт, Жиһат, 78, Тирмизи, Буюғ, 6).
 
Қазақтың: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», &ndash деген даналық сөзінің төркіні осы хадисте жатса керек.