"Өлтіре берсең болады". Танымал имамның кезекті жауабы елді күлкіге қарық қылды

"Өлтіре берсең болады". Танымал имамның кезекті жауабы елді күлкіге қарық қылды

Қазнет жұлдызына айналған белгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы кезекті рет желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Діндар өзіне қойылған сұраққа әдеттегідей жалпақ тілмен жауап берді,, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі кезекті тікелей эфир кезінде имамға оқырманның бірі "Шыбын мен құмырсқаларды өлтіруге бола ма?" деген сұрақ қойды. Бұл сәттің үзінді видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

 

Нұрлан қажы Байжігітұлының айтуынша, үйде жүрген жәндіктерді өлтіруге рұқсат.

 

Үйдегінің бәрін өлтіре берсең болады. Өлтіргенде де шапалақпен бір-ақ ұрсаң болды. Мыжып, аузын айырып, қанаты мен аяқтарын жұлып, аузын басына, басын аузына айналдыру — харам. Анық өлтіру керек болса, бірден өлтіргенің дұрыс шығар, — деді имам.

 

Сондай-ақ дін өкілі далада өз бетімен жүрген жәндіктерді қасақана өлтіруге болмайтынын кесіп айтты.

 

Өзімен өзі далада жүрген, айдаладағы Астанаға ұшақ сияқты ұшып кетіп бара жатқан шыбынды "рейсінен" қалдырып, өлтіруге болмайды. Далада қуып жүріп өлтірме, — деді ол.

 

 

Бұл жауапты естіген желі қолданушылары имамның қалжың араластырып айтқан жауабына риза болды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста